Алматы әкімі "Алатау Сити" ТҮК құрылыс алаңында болып қайтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін жұмыс сапарымен Алатау ауданын аралады
Мегаполис басшысы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандар жұмысымен танысты. Олардың басым бөлігі "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сонымен қатар, ол "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып жатқан "Алатау Сити" тұрғын үй кешеніне барды.
Следующая →
- Инфрақұрылымды жақсарту бойынша біраз жұмыс атқарылып жатыр. "Ұлжан" ықшамауданындағы Жалайыр көшесінің бойында ұзындығы 2 шақырым болатын жол жөнделуде. Бүгінде ауданның тоғыз ықшамауданында 84 шақырымға жететін жаңа жол салынуда. Сегіз ықшамауданда ұзындығы 67,4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініштері бойынша өткен жылы су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы басталды, –деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парақшасында.
Сонымен қатар, ол "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып жатқан "Алатау Сити" тұрғын үй кешеніне барды.
- Құрылыс жүргізушілер МЖӘ аясында қалаға 350 орынға арналған балабақша салып береді. "Жұмыссыздықпен қамтудың жол картасы" бойынша үш жасыл аймақ, үш сквер және алты жаяу жүргіншілер аймағы жөнделуде. Рысқұлов даңғылы, "Алатау" театры алдындағы аумақта, "Қарасу" ықшамауданындағы рекреациялық аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен материалдардың сапасын тексердім. Бос аумақтарды барынша көгалдандыруды тапсырдым, - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Материал размещен на правах рекламы