Семейде көпфункционалды мәдени-спорттық кешен ашылды
Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Әлихан Смайылов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты
Спорт кешенінің символикалық кілтін Семей қаласының әкімі Ермак Салимовке "Азия "Фирмасы" ЖШС директоры Дускужанова Сәуле Жұмашқызы табыс етті. Ұйым қысқа мерзімде нысанның құрылысын жүзеге асырды.
- Бос уақыт инфрақұрылымын кеңейтудің және белсенді отбасылық демалыс, спортпен айналысу үшін жағдай жасаудың жарқын мысалы - бұл барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірегей мәдени-спорт кешені болып табылады. Енді Семей қаласында қала тұрғындарының демалуына, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге тамаша жағдай жасалған, - деп атап өтті облыс басшысы.
Ауқымды мәдени-спорттық шараларды өткізу жоспарланған үлкен зал бес мың орынға есептелген. Қасбетті қаптау "желдетілетін қасбеттің" принципі бойынша алюминий панельдерімен орындалған. Медиафасад оны әсерлі етеді.
Кешен әлемдік стандарттарға сәйкес салынған және тиісті жабдықтармен жабдықталған. Трамплиндері мен 10 метрлік мұнарасы бар секіру бассейні, ұзындығы 50 метр 10 жүзу жолы бар.
Әр түрлі залдарда қала тұрғындары фитнес, бокс, волейбол, футбол, гандболмен айналыса алады.
Кинотеатр мен кафелер, балалардың ойын алаңдары қарастырылған.
Спорт ғимаратының жалпы ауданы 33,8 мың шаршы метрді құрайды.