Мәскеудегі Чемпионатта өскемендік бишілер үзді хореографиялық топтардың бестігіне енді
"FLASH" би студиясының жас өнерпаздары "PROJECT 818" көше және заманауи хореография Чемпионатында өнер көрсетті
Ресей астанасына барып, кең көлемде өтіп жатқан байқауға қатысқа жерлестеріміз түрлі он қаладан жиналған мықты би студияларының мүшелерімен танысып, танымал хореографтардың шеберлік сағаттарына қатысты.
Өскемендіктер көрші елдегі байқауларда бақ сынауды көптен армандаған. Бірақ бұл армандары оңайлықпен келмеді.
- Оқушылардың ата-аналары балалары шетелдік байқауларға баруы үшін барын салады, - дейді "FLASH" би студиясының көркемдік жетекшісі Марина Серохвостова. – Бірақ көбінің отбасылық жағдай мұрша бермейтіндіктен, басқа қаллардағы байқауларға қатысудан бас тартады немесе ұзақ уақыт ақша жинап, күтуге мәжбүр. Кейбірі, тіпті, сол үшін несие де алады. Осы жолы қаржылық мәселе туындаған жоқ. "Казцинк" ақша бөліп, біз 13-14 жастағы жасөспірімдерден топ жасақтап, аттанып кеттік.
"FLASH" студиясының өнерпаздары тек Өскеменнің атын емес, бүкіл Қазақстанның атын қорғап шыққан. Өйткені Мәскеудегі бұл сайысқа елімізден аттанған жалғыз топ осы. Чемпионат қорытындысы бойынша бесінші орынға табан тіреді.
- Қарсыластарымыз мықты болды, - дейді Марина Серохвостова. – Мысалы, мәскеулік ұжымдарждың өнеріне өз басым маман ретінде таңданыс тудырды. Осындай қарсыластардың арасынан бестікке ену деген – үлкен жетістік. Әділқазылар алқасы мен қатысушылар тарапынан көп жағымды пікірлер естідік. Мықты хореографтар оқушыларға әсер қалдырды. Осының барлығы ары қарай да даму үшін серпіліс болды деп ойлаймын.