Еліміздің шығысында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда күрделі ауа райы жағдайында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Шығыс Қазақстан облысы аумағында қалыптасқан ауа райының нашарлауына байланысты полиция қызметкерлері жолда штаттық емес жағдайларға тап болған қозғалыс қатысушыларына көмек көрсетеді.
Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары қала сыртындағы автожолдарда күрделі ауа райында алыс сапарларға автомобильдерді арнайы дайындау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Шығыс Қазақстан облысы патрульдік қызметінің жеке құрамы автомобильшілерге көмек көрсетуге бағытталған, автомобиль жолдарын жабу бойынша 109 уақытша бекет ұйымдастырылды.
Полиция қызметкерлері қала сыртындағы автожолға барар алдында, 26-28-08 (республикалық маңызы бар автожолдар), 57-42-52 (облыстық маңызы бар автожолдар) телефондары бойынша жоспарланған бағыт бойынша өту шарттарын алдын ала анықтауды сұрайды.