Халық заңгерлері ШҚО тұрғындарымен кездеседі
Өскемен, Семей және Аягөз және де еліміздің өзге де ірі қалаларында осындай атаумен жалпыреспубликалық акция өтеді
"Халық заңгері" акциясы 22 қараша күні сағат 17.00-де өтеді. Ол халықтың заңдық сауаттылығын арттырып, тұрғындарға тегін заңгер көмегін алуға мүмкіндік береді.
- Кез келген адам келіп, заңгерлерден қажетті кеңес ала алады, - деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ШҚО бойынша департаменті. - Заңгерлер қатарында – танымал адвокаттар, нотариус, прокурор, тергеуші, сот орындаушылар, полиция, әділет қызметкерлері, миграциялық полиция, мүлікті тіркеу басқармасы, мемлекеттік органдардың жетекшілері мен басқалар бар. Акция бұрынғыдан өзгеше.
Өскемен қаласында Қазақстан көш., 55 мекенжайында (С. Аманжолов ат. ШҚМУ, 5-корпус).
Семейде – Абай көш., 94 (Қазақ инновациялық гуманитарлы-заң университеті, заң факультеті).
Аягөзде – Абай бульвары, 12 ("Қозы көрпеш – Баян Сұлу" мәдениет үйінің ғимараты).