Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да Нұржан Бажекеновтің дебюттік жеке концерті өтті

Облыстық драма театрында Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисті Нұржан Бажекенов "Туған жерге тағзым" атты дебюттік жеке концерті өтті

Нұржан Бажекенов - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты және Өскемен қаласының тумасы.

Концерт "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Бас дирижер Александр Галсановтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрі музыкалық кешті сүйемелдеді.

Сонымен қатар, аталған кеште оның зайыбы, мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті Венера Алпыспаева, сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, облыстың жетекші солисті Вячеслав Ткач, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі "Ертіс концерт" солисті Жанат Бисимбаев өнер көрсетті.

Облыстық драма театрының сахнасында концерт облыс әкімінің симфониялық оркестрінің орындауында "Дайрабай" күйімен ашылды. Одан әрі көрермендерге атақты әлемдік опера жауһарларының ариялары, Н. Тілендиев "Жан сәуле", С. Әбдінұров "Тұран" симфониялық дастан, Дж. Пуччини "Тоска" операсынан Каварадосси ариясы, П. Чайковский "Евгений Онегин " операсынан Ленскийдің ариясы сынды қазақ, орыс, батыс еуропа композиторларының шығармалары ұсынылды.

Вячеслав Ткач, Нұржан Бажекенов және Жанат Бисимбаева триосының мінсіз орындауында "Евгений Онегин" операсынан жекпе-жек дуэлінің қойылымы шырқалды.

Нұржан Бажекенов пен Венера Алпыспаеваның дуэті "Страна улыбок" опереттасынан Ф. Легар дуэтінің, Ф. Сартори Con te Partiro, Дж. Верди "Травиата" операсынан ән және т.б. туындыларды орындады. Сонымен қатар Абайдың "Айттым салем, Қаламқас" атты ұлы ақын мен ойшылдың 175 жылдық мерейтойына арналған шығармасын орындау кештің сәнін келтірді.

Атақты опера әншілерінің концерті толық аншлагта өтті. Әртістер жерлестерін өз өнерімен, классикалық әуендерімен қуантты және көрермендердің жүрегінде ерекше орын алған ұмытылмас, тамаша кеш сыйлады. Кеш соңында әншілер барлық көрермендерге, симфониялық оркестрдің музыканттарына, бас дирижер Александр Галсановқа туындыларды кәсіби жоғары орындағаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ облыс әкімдігі мен мәдениет басқармасының басшылығына өңірдегі мәдениет және өнер саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінгені үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Концертке кіру тегін болды.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы