Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да "Цифрлық Шығыс - 2019" IT-форумы өтеді

Биылғы жылы IT-форум жастар жылы, "Рухани Жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы мен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында өтуде

"Цифрлық Шығыс-2019" IT - форумы аясында 2019 жылғы 18-20 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталығында бірінші облыстық "Алтай 2019" IT-хакатоны өткізіледі, онда, БҚ әзірлеудің әр түрлі саласының мамандары, дизайнерлер, менеджерлер әлеуметтік қажетті қосымшаларды әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады. Хакатонның бас жүлдесі - облыс әкімінің гранты.

Айта кету керек, қатысуға өтінімдер 21 қазаннан 13 қарашаға дейін digitaleast.kz сайтында қабылданды. Осылайша, қатысу үшін 6 команда іріктелді.

18 және 19 қарашада балалар жобамен жұмыс істейтін болады, ал 20 қарашада жобаларды қорғау, прототиптерді көрсету және қазылар алқасының отырысы өтеді.

Дәл сол күні, 20 қарашада, сонымен қатар, "Цифрлық Шығыс-2019" IT-форумы өтеді, онда әзірлеушілер мен IT-мамандарға экономикалық тиімділікті, тұру жайлылығын, қауіпсіздікті арттыру үшін жалпыға қолжетімді әлеуметтік маңызды немесе инновациялық жобаларды (қосымшалар мен сервистер) құру үшін өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беріледі. Форум аясында пленарлық отырыс, StartUp-жобалардың жеңімпаздарын марапаттау, қорытынды шығару және Хакатон қатысушыларын марапаттау жоспарланған.
Следующая →
Материал размещен на правах рекламы