Полиция ШҚО халқының сұрақтарына жауап береді
"Жолдағы қабылдау" республикалық акциясы біздің өңірге оралды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі күн бойы азаматтарға кеңес береді
Жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы, миграциялық қызмет пен жол-техникалық инспекция мамандары халықпен кездеседі.
- Екі күн бойы облыстың полиция қызметкерлері халықтың өтініш-тілектерін тыңдап, маңызды сұрақтарға жауап береді, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қабылдау ШҚО Полиция департаментінің барлық фронт-кеңселерінде және Nur Otan партиясының филиалдарында, сонымен қатар ADK ойын-сауық-сауда орталығында өтеді.
Акция 15-16 қараша күні 9.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. Бұл күндері 8(7232) 23-46-93 call-орталық нөмірлері де қызмет етеді.