Өскеменде жол жүрудің электрондық төлемін енгізу бойынша шартқа қол қойылды
Қазан айының басында Өскеменде облыс орталығында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және сүйемелдеу жобасы бойынша МЖӘ шартына қол қойылды
Сондай-ақ қалалық жолаушылар көлігін диспетчерлеудің арнайы ақпараттық жүйесі құрылатын болады.
Бұл жүйе Өскемен қаласының қоғамдық көлігінің барлық бағыттарын қамтиды (57 бағыт), оның ішінде трамвайларды да қамтымақ. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына нақты уақыт режимінде көлік қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудың арқасында маршруттық көлік құралдарының қозғалысының тұрақтылығы, төлем қолайлылығы артады, диспетчердің жүргізушімен жедел байланысы, түрлі тарифтік жоспарларды пайдалану мүмкіндігі пайда болады, жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жалпы деңгейі артады деп күтілуде.
Жобаны 2020 жылға дейін толық жүзеге асыру жоспарлануда.