Британдық BBC арнасы Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті туралы видео түсіреді
Би-Би-Си телеарнасының түсірілім тобы Шығыс Қазақстанның әсем табиғатын түсіру үшін келген
Түсірілім жұмыстары 12 тамызға дейін жалғасады.
Қонақтар Өскеменнің Халифа Алтай мешіті, Ертіс және Үлбі өзендері қосылатын “Стрелка” ауданындағы, сондай-ақ этнографиялық паркте болды. Сонымен қатар, түсірілім тобы Шығыс Қазақстанның бірнеше облыстары туралы бейнеролик түсіруді жоспарлап отыр.
Риддерде қонақтар Батыс Алтай қорығына, Желілік асу, Күршім аймағына әйгілі Марқакөл көлі менМарқакөл мемлекеттік табиғи қорығын, Қиын-Керіш шатқалын көруге, Катонқарағай аймағындаМұзтау және Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барады.