Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Алакөлдің туристік потенциалын арттыру жолдары қаралды

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің Үржар ауданына жасаған жұмыс сапары аясында кәсіпкерлер мен жауапты тұлғалардың қатысуымен Алакөл жағалауын дамыту жолдары талқыланған жиын өтті

Айта кетсек, Алакөл жағалауын абаттандыру жұмыстары 2016 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында демалыс аумағы біршама кеңейіп, демалушылар үшін өте ыңғайлы болды. Алакөл жағажайында қазіргі таңда 333 коммерциялық нысан қызмет етеді. Олардың қатарында 175 демалыс үйлері, 2 қонақ үй, 10 дәмхана, 2 мейрамхана, 29 дүкен, 56 дүңгіршек, 4 бар, 8 асхана, дәріханалар мен аквапарк бар.

Аймақ басшысының айтуынша, келесі жылы демалыс жайлылығының деңгейін арттыру мақсатында бірқатар ірі инфрақұрылым нысандарының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Даниал Ахметов шағын және орта бизнес өкілдеріне салыққа салғырттық танытпай, өз міндерін орындауға шақырды.

Жиын барысында баяндама жасаған ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Ктановтың айтуынша, 11 күннің ішінде жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша, 38 кәсіпорынның "көлеңкелі бизнесі" әшкереленген. 11 демалу базасы есепке алынған.

- 2018 жылы бюджетке 67,5 млн.теңге салық түсті. Биыл оның көлемі 148 пайызға артып, яғни, 100 млн. теңгеге жетуі тиіс. Алайда қазіргі таңда кейбір демалыс базалары табыстарын толық көрсетпей отыр. Қазіргі уақытта өкінішке орай, кәсіпорындар кірістің бәрін кассалық аппарат арқылы өткізбейді. Сондықтан онлайн бақылау-кассалық аппаратын орнату қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз, - дейді Ержан Ктанов.

Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің айтуынша, 30 миллиард теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алдымен, мердігерлер Алакөлді дамытуға бағытталған бағдарламаның жоспарына сай, мұнда толқындарды ұстайтын құрылғыларды орнатып, сондай-ақ, екі шақырымға жуық жағалауға бекіту жұмыстарын жүргізеді. Жоба "МорПорт Ақтау" құрылысының тәжірибесі бойынша салынады.

Жоспарланған ауқымды жобалалар қатарында су құбырлары желілері мен су жинау құрылғыларын тарту, кәріз жүйелері мен су сүзгілеу өрістерінің құрылысы бар. Сонымен қатар, Мақаншы ауылынан Көктал ауылына дейін 110 кВТ-тық электр желілерін тарту міндеті тұр.

Бүгінгі таңда Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолақтарын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын. Жобаға сай, ұшақтар екі бағыт бойынша кіретін болады. Ал, жолақ ұзындығын 2100 метрге ұзарту, енін 45 метрге дейін кеңейту қарастырылған. Жаңа терминал салынып, сағатына 70 жолаушыны қабылдауға мүмкіндік ашылады. Жалпы, атқарылған жұмыстан кейін аталмыш аэропорттың 70-80 орынға дейін әуе транспортын қабылдау қауқарлығы артады.

- Жыл бойы қызмет көрсететін емдік-сауықтыру кешенін тұрғызу мақсатында жақын арада австриялық әріптестеріміздің радон суын игеру тәжірибесін қолға аламыз. Бүгінде біз үшін өзекті мәселе - ол Семей мен Өскеменнен Алакөлге дейінгі аралықтағы жолдың жағдайы. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі жылда аяқтау жоспарда бар. Қабанбай мен Алакөл жағалауына дейін ұзындығы 2,6 шақырым, ені 6 метр велосипед жолы салынады. Біз өз тарапымыздан уәде еткен істі орындаймыз. Сондықтан кәсіпкерлерді де жауапкершілікке шақырамын. Өрт қауіпсізідігі мен санитарлық ережелердің қатаң сақталуын да назардан тыс қалтырмау керек, - деді жиынды қорытындылаған Даниал Ахметов.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы