Шығысқазақстандықтар Арыста жапа шеккендерге 166 млн теңге көмек жіберді
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен Арыс қаласында жапа шеккендерге арналған брифинг өткізді
Айта кетейік, аймақ басшысының төрағалағымен арнайы штаб құрылып, Түркістан облысының штабымен қарым-қатынас орнатып, материалдық және қаржылық ресурстарды жинай басталған еді.
Сонымен, аймақтың ірі кәсіпкерлері мен кәсіпорындарынан жиналған 166 млн теңге мен "Парыз" қорынан бөлінген 138 млн теңге Арыс қаласына қалпына келтіру жұмыстарына жіберілді, одан бөлек, 28 млн теңге "Түркістан" қорына аударылды.
Ал аймақ ұйымдары мен мекемелерінен жиналған 211 тонна жүк Арысқа "аттануға" дайын. Оның ішінде 150,3 тонна ұн, 22 тонна өсімдік майы, 20 тонна құс еті мен 7,6 тонна макарон өнімдері, 7,2 тонна дәнді-дақыл, 2,8 тонна қант, 1470 дана консерві банкісі бар.