"Қазмырыш" компаниясы Арысқа көмек көрсетеді
Қазір Арыста қайғылы жағдайға душар болған халыққа елдің түкпір-түкпірінен көмек келіп жатқаны белгілі
Қайырымдылық акциясына Шығыс Қазақстан облысы да қосылып, Арыс халқына қажет көмек түрлерін жинай бастады. Ал өңірдің белді кәсіпорны "Қазмырыш" гуманитарлық көмек ретінде 50 млн теңге қаржы аударды. Аударылған қаржы ең алдымен үйлерді жөндеуге жұмсалмақ.
- "Қазмырыштың" Түркістан облысында бөлімшесі жоқ, десе де қайғыда қалған қазақстандықтарға қолдау көрсету бәріміздің міндетіміз. Мәселен, 2018 жылы кәсіпорын су тасқынынан зардап шеккен Аягөз ауданына да көмек қолын созған болатын. Тек жұмыла көтерген жүк қана береке әкелмек, - дейді компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.