Бірегей цифрлы шешім енгізген тау-металлургиялық компания анықталды
"Казцинк" Нұр-Сұлтанда өткен AMM-2019 тау-металлургиялық конгресінің басты серіктесі болды
Аталмыш шараның басты тақырыбы – цифрландыру. Шығыс Қазақстанның ең ірі компаниясы бірнеше жыл қатарынан инновациялық технологияларды енгізіп келеді - ұйымда бірден 7 сандық жоба біртіндеп жүзеге асырылып келеді. "Казцинк" өкілдері Конгресс аясында панельді пікірталас пен семинарларға қатысып, компаниядағы техникалық жаңашылдықтар туралы ғана айтып қоймай, digital-ортаның өзекті мәселелерін де атады және оны шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, өзге компаниялар қалай "Казцинктің" серіктесі атануға болатыны, тендерге қалай қатысу керек және компанияға қандай тауар мен қызмет қажет екені жайында ақпарат алды.
Шараның шақырқтау шегі - "Алтын Гефест" премиясын табыстау рәсімі. Бұл тау-металлургия саласы мамандары үшін ең жоғарғы құрмет. "Тау-металлургия өндірісіндегі үздік digital-шешім" номинациясына "Altyntau Kokshetau жаңа бизнес-сараптау" жобасымен "Казцинк" ие болды.
- Компанияда жоспарлы түрде енгізіліп келе жатқан инновациялар үшін "Алтын Гефест" алғанымыз үлкен мәртебе, - дейді бизнесті сандық трансформациялау бойынша бас директордың кеңесшісі Максим Гайфуллин. – "Казцинк" жоғарытехнологиялы тау-металлургиялық ұйымдардың алдында болуға талпынады. Сол үшін де цифрландыруға баса көңіл бөледі. Ал бұл премия – біздің дұрыс жолда келе жатқанымыздың дәлелі.