Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Жанар Асылханова
Жанар Асылханова
Ақпарат көзі:
Устинка

Еңбегі мен қуанышы бір кәсіпорын: "Бақыршық" наурызды қарсы алды

Бақыршық тау-кен кәсіпорны Жарма халқы үшін Наурыз мейрамын өткізіп, ескіше жаңа жылдың алғашқы мерекесін елмен бірге атап өтті

Заманауи алтын өңдеу технологиясын игерген "Полиметалл" компаниясының басты әлеуметтік саясаты - кен орнын ашқан елдімекенге әлеуметтік қолдау көрсету. Сол мақсатпен биыл да наурыз мейрамы ұйымдастырылып отыр. Кент халқы бұған дейін Наурыз мейрамын мектеп ішінде, акт залында атап өтетін, енді Бақыршық тау-кен кәсіпорны салып берген жаңа алаңда тойланатын болды.

- Наурыз өте керемет мереке ғой. Береке-бірлік пен ырыс-құттың мерекесі. Биыл осынау көктемгі мерекені кең алаңда тойлап жатырмыз. Алаң салынғаннан бері жиын-тойдың барлығы осы жерде өтетін болды. Мерекелік бағдарламалар да сондай тартымды. Балалар да, қарттар мен қариялар да мәз болуда, - дейді кент тұрғыны Людмила Евгеньевна.

Кәсіпорын қызметкерлері мен облыстық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт пен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары өткізілді.

Алаңға ақшаңқан боз үйлер тігіліп, тегін наурыз көже, бауырсақ таратылды. Бозбалалар мен ер азаматтар үшін алаңда арқан тарту, садақ ату, қол күрестіру, гір көтеру, дойбы мен тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.

- Наурыз десе ұлттық ойындарымыз ойға оралады ғой. Бұл мейрамда ұлттық спорт сайыстарын ұйымдастырып жатқандарға алғыс айтамын, - дейді зейнеткер Серікхан Ысқақов.

Ал бүлдіршіндердің көңілін аулаған аниматорлар түрлі ойындар ойнатып, акварельмен бет-әлпетін бояды. Мерекеге ат терлетіп бүркітшілер де келген екен. Томағасы сыпырылып, қанатын кең жайған қыранмен де, киіз үйдің фонында тұрған бүркітшімен де суретке түсушілер көп болды.

- "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" былтыр жобалық әрі өндірістік қуатына толықтай қол жеткізді. Кен байыту жұмыстары жолға қойылып, өңделген өнімдер көрші елдерге экспорттала бастады. Бұл Жарма ауданының экономикасын көтеруге ықпал етуші ең үлкен кәсіпорын, - дейді аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Нұрғалиев.

Атап өтсек, 2018 жылдың аяғында Бақыршық тау-кен кәсіпорны мен Жарма аудандық әкімдігінің арасында әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Кәсіпорын меморандум аясында Жарма ауданының Әуезов кенті мен Шалабай ауылының әлеуметтік жобаларды және инфрақұрылымды дамытуға 140 миллионнан астам қаражат бөлуді жоспарлауда. Бұл қаражат Әуезов кентіндегі көше жолдарын қалпына келтіруге, қар күреуге, Бақыршық орта мектебінің терезелерін ауыстыруға, дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем көлігін сатып алып беруге, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге және бұқаралық маңызы бар іс-шараларды өткізуге жұмсалмақ.

- Кәсіпорын орналасқан елдімекенге көмектесу, тұрғындарына қолдау көрсету - кәсіпорынның негізгі әлеуметтік саясаты. Сондықтан да қажет мамандар мен кадрларды алдымен жергілікті елдімекендерден іздейміз, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеуге мән береміз. Мерекелік ойын-сауық ұйымдастыру да соның бір бөлігі, - дейді "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС бас директоры Кеңбейіл Исаев.

Айта кету керек, "Полиметалл" компаниясы Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Ал 2014 жылы Бақыршық алтын кен орнын игере бастады. Ал биыл шілде айында Бақыршық тау-кен кәсіпорны төрт жыл бойы еткен еңбегінің жемісін көріп, алтын байыту фабрикасын ашты. Ал осы жылы қыркүйек айында кәсіпорын бір тонна алтын өңдеп, тарих бетін жаңартты. Төрт айдың ішінде байытылған жоғары көміртекті кен партиясын екі рет экспорттап үлгерді. Оның бірі Қытай еліне жіберілсе, екіншісі "Полиметалл" компаниясының Хабаровск аймағында орналасқан Амур тау-металлургиялық комбинатына жіберілді.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы