Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Жарма ауданы абаттандырылуда

Бақыршық тау-кен кәсіпорынының қызметкерлері мен Әуезов кентінің тұрғындары бірлесіп, елді мекеннің сенбіл ігіне білек сыбана қатысты

- Бүгін тек экологиялық тазалық күні ғана емес, еңбек мерекесі, - деп атап өтті Бақыршық тау-кен кәсіпорнының бас директоры Юрий Овчинников. - Келгендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Өйткені біздің кәсіпорын Қазақстанның тау-кен металлургиялық өнеркәсібінде ең үздік деп танылуға лайық. Сондай-ақ, біздің кент республикадағы ең үздік елді мекендер қатарында болғанын қалаймын. Ол үшін кентті аббатандырамыз, барлық жағдайды жасап, халыққа барынша көмектесеміз. Жиналғандар арасында біздің қызметкерлер ғана емес, олардың отбасы мүшелері мен балаларын да көріп тұрғанымыз - көңіл қуантады. Барлығы бірге тер төгіп, еңбек мерекесін қарсы алып жатқаны керемет емес пе?!

Сенбілікке келгендер арасында балалар да көп болды. Мәселен, Руслан Абдулинге небары 3 жас қана болса да, өзінің кішкентай күрегімен жаңадан отырығызылған көшетті топырақпен жауып, ата-анасына барынша көмектесті.

- Мұнда бульдозерлер шұңқырды үлкен етіп қазып тастады, - деді Руслан. - Әкемде күрек бар, анам ағашты бояп жатыр, мен де шұңқырды жабуға көмектесіп жүрмін, өзіммен бірге суарғышым да бар. Қазір отырғызып болған соң, ағаштарды суарамыз.

Әуезовте мұндай еңбек мерекелері дәстүрге айналған. Кәсіпорын басшысының айтуынша, қызметкерлер "келді, жұмыс істеді, кетті" форматын өзгерткен. Егер көктемде Ленин мен Александра Коллантайдың образындағы адамдар ашық жүк көлігімен ауыл тұрғындарын еңбекке жұмылдыруды насихаттаса, бұл жолы ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов болып нақыл айтып, жұмысшыларға жігер беріп отырды. Жергілікті театрдың әртістері ойшылдарға ұқсағаны соншалықты, тұрғындар ағаштарды отырғызу кезінде олармен суретке де түсіп үлгерді. Ат спорты шеруіне қатысушы шабандоздар балаларды атқа мінгізіп, халықтың көзайымына айналды. Мұндай еңбек күнінен кейін барлық адамдар тәтті шайдан дәм татты.

- Біз әрдайым осындай сенбіліктерге қуана шығамыз, - деп медицина қызметкері Бақыт Мұздыбаева ойымен бөлісті. - Мұнда қызықты, сондай-ақ, ауылымыздың әдемі, жасыл және аббандырылуын да қалаймыз. Мұндай мүмкіндіктерді беріп, ауыл тұрғындарына көмектескен "Полиметалл" компаниясына алғысымды білдіремін.

Ал Әуезов кентінің әкімі Ержан Сәсеновтің айтуынша, ауылдың инфрақұрылымын дамытуда "Полиметал" компаниясы және "Бақыршық тау-кен кәсіпорыны" ЖШС өз үлестерін айтарлықтай қосып жүр.

- Биыл біз ауылымызды абаттандыру үшін кәсіпорынымен 106 миллион теңгеге меморандумға қол қойдық,- деді Ержан Сәсенов.

Осылайша күздің мамыражай күнінде бірнеше учаскеде жұмыс қызу жүріп жатты. Мәдени шараларға арналған ашық алаңда 200-ден астам қайың, жұпаргүл, акация, бөріқарақат және далалық құрма отырғызылды. Сонымен қатар, көктемде мұнда гүл бақшасын егіп, ал жазда гортензия гүлдерімен ауылды көріктендірмек.

- Біздің ауылымыз "Полиметал" компаниясының келуімен жандана түскені өте қуантады. Адамдар еңбек етіп жатыр, ауыл абаттандырылып, жолдар жөнделуде, демалыс орындары да бар, - дейді "Бақыршық тау-кен кәсіпорыны" ЖШС-ның электр жабдықтарының маманы Жандос Әскерханов.

Ауыл тұрғындары орталық саябақтың аумағында қазірдің өзінде бар көшеттердің жанына қосымша 95 жас көшет отырғызды. Жергілікті кәсіпкер тазалық жұмысын ұйымдастырушыларға біртұтас қарбыздың топтамасын әкеліп, еңбек етушілерге "дәм татсын" деп сыйға тартты.

- Мен Өскемен қаласының байланыс колледжін бітіріп, туған ауылымда жұмыс істеу үшін қайта оралдым. Мен өзімнің кішкентай Отаныммен мақтанамын. Мұнда барлығы жақсы жаққа өзгеруде. Енді, міне, өз ағашым бар. Әуезов кентінің гүлденуін қалайтын адамдардың бірімін, - дейді "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС-ның байланыс инженері Құрмет Қасенов.

"Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС өңдеу фабрикасының аумағында бірнеше аллеялар пайда болды. Мұнда сенбілікке бүкіл отбасымен, тіпті, өздерінің ағаштарымен келген кәсіпорынның барлық бөлімшелері жетекшілерінің есімдері берілген көшет ағаштары бар. Сондай-ақ барлық мердігер мен тәуелді ұйымдардың да өз көшеттері бар.

- Бұл акцияның тәрбиелік мәні зор, - дейді "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Болат Тоғамбаев. - Жастарды дұрыс тәрбиелеуіміз керек, олар өз жұмыстарын, ауылдарын, үйлерін жақсы көруі керек. Егер экологиямыз болса, денсаулық та мықты болады!

Сондай-ақ, тау-кен кәсіпорнының аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің де аллеясы пайда болды.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы