Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

iPhone Xs және iPhone Xs Max смартфондарын Kcell Store дүкендерінен сатып алуға болады

Apple осы жылы iPhone Xs, iPhone Xs Max, iPhone Xr және Apple Watch Series 4 смартфондарын таныстырды

28 қыркүйектен бастап iPhone Xs және iPhone Xs Max смартфондарын Kcell Store желісінде және "Кселл" абоненттік кеңселерінен ұялы байланыстың қызмет топтамасымен толық құнына немесе бөліп төлеп алуға болады.

iPhone Xs және iPhone Xs Max смартфонының үш түрлі түстісі қолжетімді: күміс, алтын және қара түсті. Apple құрылғыларының бағасы смартфон жадының көлеміне байланысты. Мысалы, 64 ГБ-ты iPhone Xs құны - 534 990 теңге, 256 ГБ-ты iPhone Xs құны - 614 990 теңге, ал 512 ГБ-ты iPhone Xs құны - 719 990 теңге.

Телефонмен қатар сөйлесу минуттары, SMS және ай сайынғы төлеміне байланысты 12 ГБ-дан 50 ГБ-қа дейінгі мобильді интернет сынды байланыс қызметтері келісімшарт ішіне кіреді.

Мысалы, 64 ГБ-ты iPhone Xs смартфонын алдын ала төлемсіз 25 150 теңге көлеміндегі ай сайынғы төлеммен 24 айға бөліп төлеуге алуға болады. Бұл ретте әрбір ай сайын 20 ГБ трафик, желі ішінде шексіз минуттар мен 1000 SMS, Қазақстан ішінде басқа операторларға қоңырауға 200 минут беріледі. "Келісімшарттық телефон" акциясы скорингтен өткеннен кейін қолжетімді.

Бөліп төлеуге қолайлы шарттарды мына жерден таңдап алуға болады: Kcell абоненттері үшін мына жерде, activ абоненттері үшін мына жерде.

Жуықта Kcell алғаш рет Apple Watch Series 3 және Apple Watch Series 4 сата бастайды. iPhone Xr біраз уақыттан кейін толық құны бойынша сатылымға әрі бөліп төлеуге қолжетімді болады.


Apple жаңашылдығы неде:

iPhone Xs және iPhone Xs Max жаңа A12 Bionic процессорын иеленді. Смартфондарды жасаушылардың айтуынша, A12 Bionic смартфондарға арналған ең қуатты процессор.

Neural Engine жаңа жүйесі машиналы оқытуды қамтамасыз етеді. Мысалы, енді аталған жүйе көмегімен Face ID бұдан да жылдам жұмыс істейтін болады. Ал "Кескін" режіміндегі түсірілім сапалырақ болды. Камера болса, фонды жақсы ажыратып, пішінді таниды. Сонымен қатар, "Тереңдік" қызметі қосылды. Онымен артқы фонның шайылу деңгейін реттеуге болады. Бұның барлығы Neural Engine модулінің арқасында.

Сондай-ақ, жаңа сенсор және фотоларды өңдеуге арналған заманауи алгоритмдермен жаңартылған камералар Smart HDR қызметтерін иеленді. Камера күрделі динамикалық диапазондағы сахналарда сапалы суреттер жасауға қабілетті.

Үлкен экран әуесқойлары 6,5 дюймді iPhone Xs Max смартфонына тиісті бағасын береді. Айта кетсек, бұл iPhone тарихындағы ең үлкен дисплей.

Ал iPhone Xs және iPhone Xs Max Apple компаниясындағы 512 ГБ-ты жад орнатылған алғашқы смартфондар. Бұған дейінгі модельдердің жады 256 ГБ-ты ғана құраған.

Ақыр соңында Apple смартфондары IP68 стандартты шаң мен ылғалдан қорғаныс алды. Бұл қазіргі заманғы смартфондарды шаң мен ылғалдан қорғаудың ең жоғарғы дәрежесі. Енді iPhone су астында 2 метр тереңдікте 30 минут ұзақтыққа шыдайды.

iPhone Xs және iPhone Xs Max мүлдем жаңа стереодинамикамен қамтылған. Дыбыс күшейіп, молайды. Сонымен қатар, енді камераға видео да жаңа стереодыбыспен жазылады. Айта кетейік, Apple бастапқы жиынтықтан құлаққапқа арналған жалғастырғыш тетікті алып тастаған. Сол себепті қораптың ішінде смартфоннан бөлек енді құлаққап, қуаттандырғыш адаптер және Lightning кабель бар.

Егер Сіз Apple өнімдерін сүйер қауымның қатарынан болсаңыз немесе нақты осы аталған жаңа өнімдерге қызығушылық танытсаңыз біз Сізді біздің дүкендерімізде және абоненттік кеңселерде күтеміз. Дәл қазір жаңа iPhone иесі атаныңыз.

Бөліп төлеу шарттары туралы толығырақ: Kcell абоненттері үшін мына жерде, activ абоненттері үшін мына жерде.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы