Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

«Кселл» республикалық «Digital Life» білім беру жобасының қорытындысын шығарды

«Кселл» коммпаниясының республикалық «Digital Life» білім беру жобасы 2015 жылы басталған болатын және үш жыл ішінде оған Қазақстанның 17 қаласынан шамамен 8 мың адам қатысты. 298 тегін мастер-класстар өткізілді

«Мобильді медиа», «Мобильді қауіпсіздік», «Мобильді білім», «Мобильді мемлекет», «Мобильді бизнес», «Бизнеске арналған SMM», «Әжелер, аталар және смартфон» курсы - бұл «Digital Life» жобасының 14 тақырыбы ішіндегі ең танымал мастер-класстар.

«Digital Life» жобасының мақсаты – қазақстандықтарды олардың күнделікті өмірі үшін смартфондар мен мобильді қосымшалар ашатын мүмкіндіктер және басымдылықтармен таныстыру. Мастер-класс және курс тыңдаушылары -оқушылар мен олардың ата-аналары, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналисттер, блогерлерм мен тіпті зейнеткерлер болды.


«Әжелер, аталар және смартфон»

Бұл курс бірінші құлақтандыруды жариялаған сәттен бастап-ақ үлкен сұранысқа ие бола бастады. Себебі бұл курста 50 және одан үлкен жастағы ата буындарымыз «сандық тосқауылдан» өту үшін смартфондарды пайдалануды үйренді. Ең ересек қатысушы 83 жаста болатын.

Дәл осы курс сабақтарында тыңдаушылар, қазақстандық зейнеткерлер алғаш рет әлеуметтік желілерде аккаун құрып, смартфондар мен планшеттер үшін қосымшалар жүктеуді, мессенджерлерде топтар құруды және әрине, бір-бірімен қатынасуды үйренді! Осы сабақтардың арқасында, Қостанайдан қатысушы Воронина Наталья Зотовна енді коммуналдық қызметтерді онлайн төлесе, Давлетгиреева Альфия Хамитовна бейнеқоңырау шалуды, дыбыс хабарламаларын жіберуді және смартфонға сурет пен видео түсіруді үйренді.

- Мен 55 жастамын. Жұмыс істеймін. Әріптесім WhatsApp-қа құжаттың суретін түсіруді өтінген бір жағдай болған. Менде смартфон бар, алайда оның өтінішін орындау үшін, мен өзімнен жастау әріптестеріме жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл әр кез ыңғайлы бола бермейтіні түсінікті. 5 күндік сабақтың арқасында, смартфондар біздің өмірімізді жеңілдету үшін ойлап тапқанын түсіне алдық. Әлеуметтік желілер, оқуға арналған қосымшалар, маңызды сәттерге арналған сурет және видео бұның барлығы енді біз үшін оңай, - деп өз әсерімен Ақтөбелік Манепова Гульнара Мирашевна бөлісті.

Жобаның үш жылында «Әжелер, аталар және смартфон» курсына Қазақстанның 14 қаласынан 500 зейнеткер қатысты.


Мобильді білім

Мобильдік технологиялар оқу мен өз-өзін дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Қазақстанның 16 қаласынан жүздеген студенттер, мектеп оқушылары мен педагогтар смартфондардағы мобильді қосымшалар арқылы өзіне қызықты мамандықтар бойынша курстар табуға болатынын, қандай қосымшаларда шетел тілдерін үйрену оңай екендігін біле алды.

- Мен көптеген қосымшалар туралы ақпарат алдым және келешекте оларды пайдаланғым келеді. Бізде қазір «Телерадиожурналистика» пәні жүріп жатыр, біз жиі түрде мәтінді түзетеміз және бүгін мен видеоларды түзетуге болатын қосымшалар туралы білдім. Мен үшін тілдерді үйрену өте маңызды. Бүгінгі тренингтен түсінгенім – ағылшын тілін үйрену өте маңызды. Оны үйренуге арналған қосымшалар бар екен. Бұл керемет жайт! Менің әрі қарай дамуым үшін бұл үлкен мүмкіндік. Тағы қосарым, VR-көзілдіріктер маған өте ұнады. Осындай мүмкіндік үшін рахмет, - дейді А.Байтұрсынов атындағы ҚМК 1 курс студенті Ризанұр Қасенова.

Мобильді қауіпсіздік

Бұл мастер-класс мобильдік технологиялардың көмегімен өз балаңызды сыртқы орта және виртуалды қатерлерден қалай қауіпсіздендіруге болатынын, өзіңізге қауіпті жағдайларда қалай көмектесуге болатынын түсіндірді. Мастер-класта жаттықтырушылар ересек адамдарды баланың жүрген жерін бақылау бойынша жүйелерді қалай пайдалану керектігін түсіндірді, Kcell-дің «Ата-ана бақылауы» қызметін қалай пайдалану керектігін және балаларды «үлкендердің» контентінен қалай алшақтату керектігін баяндады.

- Ата-аналар жиналысында ұсынылған «Ата-ана бақылауы» мобильдік қосымшасы туралы материал өте оңтайлы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте қажетті. Ақпарат қолжетімді түрде, өте қызықты, жанды, қызықты етіп жеткізілді. Ата-аналар белсенді тыңдаушылар ретінде шықты: көп сұрақтар қойылды. Тренингтен кейінгі түсіндіру жұмыстарына алғысымыз шексіз! Рахмет! - деп Қарағанды қ. №58 ЖОМ директоры Балғабекова Татьяна Владимировна әсерімен бөлісті.

Бизнеске арналған SMM

Осы мастер-класс арқасында кез келген ниет білдіруші адам өз тауарларын әлеуметтік желілер мен ғаламтор арқылы өз тауарларын жарнамалау және жылжыту үшін қалай пайдалану керектігі туралы біле алды. Курс қатысушылары коммерциялық мәтіндер жазу дағдыларын, мобильдік қосымшаларды пайдалана отырып нарыққа талдау жасауды үйренді, әлеуметтік желілерде алға жылжытумен және жобаларды басқару жүйелерімен танысты. Жаттықтырушылар ғаламтор арқылы қалай тауарларды сату және сатып алу керектігін, әуе билеттерін қалай тез тапсырыс беруді, міндеттерді қалай жоспарлау және тұратын орынға бронь қою, тұлғалық тиімділікті қалай арттыру керектігі жайлы баяндады.

- Бизнеске арналған SМM» мастер классы өте пайдалы болды. Енді мен ғаламтордағы өз бизнесімді дамытуға және оның көмегімен клиенттер тартуға көбірек көңіл бөлетін боламын, себебі менің негізгі мақсатты аудиториям – бұл біздің қызметтерге қызығушылық танытатын әйелдер, -деп атап өтті Петропавлдағы «Есения» сұлулық салонының директоры Есения Сабитова.

Digital-еріктілер мектебі

Үш жылдық жоба аяқталғанмен, «Кселл» үшін смартфондар мен мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану бойынша білімнің әрі қарай тарағаны өте маңызды болды. Сол себепті компания курстар мен мастер-класстарды өткізетін және сандық әлемнің бөлігі болғысы келетін пайдалы ақпаратты бергісі келетін 82 еріктіні оқытты. Астана мен Павлодардың digital-еріктілер мектебінің түлектері өз қалаларындағы «Әжелер, аталар және смартфон» және «Мобильді қауіпсіздік» курстарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысып үлгерді.

- Тренингтердің қалай өткізілетінін білу маған қызықты болатын. Сонымен қатар, адам саған сенетіндей және сенің айтып отырған сөздеріңе сенетіндей етіп ақпаратты қалай жеткізуге болатынын білу мен үшін өте маңызды болатын. Қалай барлық күмәннен, «алайда» және «қарсы» сөздерінен қалай арылуға, әр әр адамды, оның пікірін қалай білуге болады. Екіншіден, бұл мен және курстың қалған қатысушылары үшін үлкен тәжірибе, - дейді Шымкент қаласының digital-еріктісі Сергей Колпаидиков.


Следующая →
Материал размещен на правах рекламы
Тақырыптар: АО "Кселл" Digital Life