Семейде Қазпошта бөлімшесі ашылды
Қазпошта ұйымы франчайзинг желілерін көбейтуге күш салуда
Ал бұл жолы Қазпоштаның жаңа бөлімшесі "Адал" супермаркетінің ғимаратында ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE. Оның ашылуына Cash Trade көтерме сауда фирмасы атсалысқан.
Қазпошта халықаралық пошта ұйымдарына тән франчайзинг желісін құрып, соның арқасында іс жүргізуді көздеп отыр.
- Мәселен, канцелярия дүкенін алып көрейік. Дүкен басшысы франшизе бойынша ғимарат маңынан шағын бөлімше ашып, Қазпоштаның төлем қабылдау, сәлемдеме тарату мен беру сынды қызметтерді өзі ұйымдастыра алады. Кәсіпкер қосымша табыс тауып қана қоймай, дүкеніне жаңа клиенттер жинайды. Мамандарды өзіміз оқытамыз, - дейді "Қазпошта".