Риддерде күкірт диоксидінің ауада таралуы екі есе қысқарды
"Қазмырыш" кәсіпорны 2014 жылғымен салыстырғанда күкірт диоксидінің ауаға таралуын 15 пайызға қысқарта алды
Былтыр кәсіпорын ауаға таралатын зиянды қалдықтарды азайту мақсатында 2 жаңа тұман аулаушы құрылғы орнатылған. Оның жалпы құны 97,5 млн теңге. Фильтрді ауыстырудың арқасында күкірт қышқылының ауа таралу мөлшерін жылына 2 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік туды. Демек, бұл көрсеткіш Қазақстан заңнамасында көрсетілген нормадан екі есе аз деген сөз.
ШҚО Экология департаменті жүргізген мониторингте де күкірт қышқылының азайғаны байқалады.
Кәсіпорын суға тарайтын қалдықтарды да жылына 260 тоннадан 41,5 тоннаға дейін алты жарым есе азайта алды. Өзенге кететін су алдымен кәсіпорынның өзінің құбырына айдалып, сонда тазартылады.