Риддерде В.Бухмейерді еске алуға арналған жыл сайынғы шаңғы жарысы өтті
Биылғы жарысқа 200 адам қатысты, ал ішіндегі ең кішісі 4 жаста
11 қаңтар күні Риддер қаласының "Сокол" атты стадионының маңына шаңғы спортымен кәсіби түрде айналысатындар мен қысқы спорт түрін жақсы көретін әуесқойлар жиналды. Мұнда 1945 жылдан 1978 жылға дейін 33 жыл басқару қызметінде болған Лениногорск полметалл комбинатының (қазіргі "Қазмырышмаш" өндіріс кешені) механикалық жөндеу базасының бірінші директоры Владимир Васильевич Бухмейерді еске алу мақсатында биыл бесінші рет шаңғы жарысы ұйымдастырылғалы отыр.
"Қазмырыш" кәсіпорны да белсенді спорт түрлерін барынша дамытуға көңіл бөледі. Жарысты кәсіпорынның кәсіби одақ ұйымы мен әлеуметтік қызметінің өкілдері, Қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің республикалық маманданырылған мектеп-интернат-колледжі мен Қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің республикалық маманданырылған балалалар және жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары ұйымдастырды.
Мектеп оқушылар алты жас ерекшелігі бойынша жарысқа қатысты. Ал жетінші топ ойыншылары – "Қазмырыш" кәсіпорнының Риддер қалалық бөлімшесінің жұмысшылары.
- Айналым жолы күрделі. Бір айналымнан әуесқой спортшы да, кәсіби спортшы да өте алатын болса, келесі бір айналымнан тек кәсіби спортшы ғана құламай өтуі мүмкін. Балалар мұндай жарысқа қуана қатысады. Өйткені қымбат сыйлықтарды ұтысқа қойып отырмыз, - дейді жарыс төрешісі Владимир РЯБОВ.
Ал жарысқа қатысқан ең кішкентай балаға Ростислав Грохотовқа үлкен жолбарыс ойыншығы берілді. Қалған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары беріліп, жеңімпаздар марапатталды.