Қазмырыш Жасөспірімдер үйінің қызметкерлерімен мерекемен құттықтап қайтты
Шығыс Қазақстан облыстық арнайы Жасөспірімдер үйінің құрылғанына биыл 20 жыл толып отыр
Мұнда ата-ана құқығынан айырылған жандардың балалары тәрбиеленеді. Орта арнаулы білім не жоғары білім алып жатқан жетім балалар үйінің түлектері де осында тұрады. Ал Қазмырыш қызметкерлері өңірімізде жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың өсіп-жетілуіне жағдай жасайтын жалғыз мекеме болғандықтан, оған үнемі қолдау танытып келеді.
- Мекеменің жиырма жылдық мерейтойына ерекше қонақтарды шақырып отырмыз. Бұл – демеушілер, өңіріміздің ірі кәсіпорындары. Олар – бізге әрқашан қолдау көрсетуге, көмек жасауға дайын азаматтар. Түлектерімізді жұмысқа орналастыруға да көмектеседі, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық арнайы Жасөспірімдер үйінің тәрбиешісі Ольга Васильева.
Ал Қазмырыш қызметкеткерлері мерейтойға құр қол келген жоқ. Кәсіпорын басшылығы балалар мекемесіне аудио мен видеоны орнатуға арналған проекторды сыйға тартты. Ал мекеме тәрбиеленушілер бір бөлмеге бұл проекторды қойып, шағын кинозал жасауды ойлап отыр.
Өскемен металлургиялық кешен ұжымы Жасөспірімдер үйіне кір жуғыш машина әкеп сыйласа, кәсіпорынның Жастар кеңесі үлкен торт пісіріп әкелді.
- Бізге ең бастысы – жасөспірімдердің үлкен жетістікке жетіп, беделді тұлға болып қалыптасуы. Сондықтан жастарға білім алып, жетістікке жетуіне тілестеспін. Жасөспірімдер үйінің балалары зор жетістікке жететіндігіне сенімдімін. Өйткені «Қазмырыш» кәсіпорнына келген бұл мекеменің түлектері әрқашан жоғары нәтиже көрсетеді, - дейді «Қазмырыштың» әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директор Андрей Лазарев.