Өскеменде трамвай маршруттарының өзгерістері орын алмайды
Қалалық мәслихат депутаты трамвай паркінің басшылығымен байланысқа шығып №1 маршрутты өзгертпеуді сұрады
Трамвай қозғалысындағы кесте өзгерісі туралы әңгіме көптеген кәсіпорындар қызметкерлерінің назарын аударды. Трамвайдың соңғы аялдамасы бірден бірнеше кәсіпорын алаңын біріктіріп тұр.
- «Қазмырыш» кәсіподақ ұйымының №1 маршрут туралы көптеген сұрақтар келіп түсті, - дейді «Қазмырыш» ЖШС Қоғамммен байланыс басқармасы. - «Қазмырыш» ЖШС Кәсіподақ ұйымының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Николай Потапенко трамвай паркінің басшылығымен байланысқа шығып, тармвай қозғалысын өзгертусіз қалдыруды сұрады.
Ұйым әкімшілігі қазіргі уақытта вагондар қозғалысын өзгертпеуге шаралар қолданылып жатқанын хабарлады. Сондықтан өнеркәсіп жұмысшылары алаңсыз трамваймен қатынай алады.
Следующая →
Материал размещен на правах рекламы
Тақырыптар:
Общественный транспорт Усть-Каменогорска АО "Трамвайный парк" ТОО "Шыгысэнерготрейд" Депутаты маслихата ВКО