Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Kcell және activ абоненттері 71 журнал түрін оқи алады

Mobipress – бұл халықаралық баспалардан жарық көретін танымал журналдарды смартфон арқылы оқуға мүмкіндік беретін заманауи сервис

Қосымша 12 айдардан тұрады: «Бұл қызықты», «Көп оқылатын», ««Hi-Tech», «Авто», «Бизнес және Саясат», «Балалар», «Дизайн және өнер», «Ол үшін», «Әйел үшін», «Үй және отбасы», «Спорт», «Стиль».

Бұл қосымша мұрағатына барлығы 71 журналдың 2200 жарияланымы жүктелген. Олардың ішінде қазақстандық 9 журналдың тізімі бар: «Forbes Kazakhstan», «Cosmopolitan Kazakhstan», «SNC Kazakhstan», «Harper's Bazaar Kazakhstan», «L’Officiel Kazakhstan», «Esquire Kazakhstan», «Men's Health Kazakhstan», «Robb Report Kazakhstan», «Домашний Очаг Kazakhstan».

Қосымшаны смартфонға жүктеген соң, интернетсіз де қолдана беруге болады. Интерфейс қолдануға ыңғайлы. Кілт сөздер мен тақырыптар арқылы қалаған мақаланы табуға болады.

- Ғалам уақыт өткен сайын сандық жүйеге ауысуда. Соған байланысты тұтынушылардың да талғамы өзгеруде. Біз өз тұтынушыларымызға жаңа өнімді mobipress сервисін таныстыруды құп көріп отырмыз. Абоненттер бір айға жазылу арқылы әлемнің 71 журналын оқи алады әрі бір журналға жазылу құнын ғана талап етіледі, - дейді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

Сервиске жазылу күніне 30 теңгені құрайды. 

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы
Тақырыптар: Kcell Activ Mobipress