Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

"Қазмырыш" COVID-19 пациенттері үшін медициналық жабдық сатып алды

"Қазмырыш" коронавирустық инфекция пандемиясымен күресуде қолдау көрсетуді жалғастыруда

Компания Өскемен, Риддер, Алтай және Жәйрем кенттерінің ауруханаларына медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 85 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

COVID-19 пациенттері ауруханаға жатқызылған медициналық мекемелердің инфекциялық бөлімшелеріне 120 оттегі концентраторы жеткізілді. Өскемен қаласының Бірінші қалалық ауруханасына 30 аппарат, төртінші қалалық ауруханаға 60 аппарат жіберілді. Жайрем, Алтай және Риддер жұқпалы аурулар бөлімдері үшін 30 оттегі концентраты сатып алынды. Аурушаңдық шыңы кезеңінде елдің денсаулық сақтау жүйесі қолдауды қажет етеді және "Қазмырыш" оны барынша жедел көрсетуге ұмтылады.

Концентраторлар COVID-19-дан асқынған жағдайда, пациенттің өз бетінше дем ала алуына арналған. Медициналық оттегімен қосымша жабдықтау аурумен күресу мүмкіндігін арттырады, емдеуге жатқызу кезеңін қысқартатын қарқынды регенерация процесіне ықпал етеді.

Біз компанияның бөлімшелері орналасқан қалалардағы медициналық мекемелермен белсенді әрекеттесеміз, - деді "Қазмырыш" ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ. - Өкінішке орай, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай оңай емес, медициналық мекемелер шамадан тыс жүктелген, COVID-19 ғана емес, басқа да аурулармен ауыратындардың жоғары ағымы, оттегі концентраторлары жетіспейді. Біз осы төтенше жағдайды жоюға барынша көмектесуге тырысамыз.

"Қазмырыш" бөлген қаражаттың бір бөлігі Риддер қалалық ауруханасына қосымша құрал-жабдықтар сатып алуға бағытталды.
Следующая →