Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде әзіл-сықақ пен көтеріңкі көңіл-күй мерекесі өтті

Жастар жылы аясында "Казцинк" жүлдесіне өтетін республикалық КТК Фестивалінің мықты командалары анықталды

Жастар арасында танымал бұл ойынды шығысқазақстандықтар көптен күтті. Орыс тіліндегі көңілді тапқырлар клубының ойындары аймақта өткізілмегелі көп болды.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының бастамасына Қазақстанның сегіз қаласындағы және РФ Алтай аймағының командасы қатысуға ниет танытқан. Бірақ қолайсыз ауа райына байланысты ресейлік команда келе алмады. "Казцинк" ЖШС басшылығы тіккен 1 млн теңге жүлде мен кубок үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Семей және Өскемен қаласының командалары таласты. Сонымен қатар, "Казцинктің" өз құрамасы "Валера" да бар.

- Өскеменге КТК ойындарының қайтып келгеніне қуаныштымыз, - деп атап өтті "Казцинк" ЖШС әкімшілік сұрақтары бойынша атқарушы директоры Андрей Лазарев. - Зал лық толы болмаса да, келгендер күлкіге қарық бодлы деп ойлаймын. Ал менің туған қалам – Семейдің командасы жеңімпаз атанды. Қатысушылардың барлығына алғыс білдіремін.

Фестиваль кубогы мен 300 мың теңге жүлде семейлік "Альянс" командасына бұйырды. Александр Масляковтың жоғарғы лигасында ойнаған "Коргалжино" командасы 1-орынды және 200 мың теңгені иемденді.

Күміс жүлде мен 150 мың теңге өскемендік құрама "Голдқа" бұйырды. Айта кетейік, осы команданың мүшесі үздік ойыншы атанып, 100 мың теңге алды. Павлодар құрамасы – 3-орында, жүлде қоры – 100 мың теңге. "Заводская молодежь" бен Алматыдағы Тұран университетінің құрамасы 50 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтарын алды.



Следующая →