Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да еңбек заңнамасын бұзу бойынша 207 факті тіркелді

Еңбек инспекциясы мемлекеттік басқармасы шетелдіктерді жұмысқа тартатын алты кәсіпорында тексеріс жүргізді

Оның ішінде Қытай Халық Республикасынан жұмысқа тартылған 2 кәсіпорында ("Синьсин құрылыс және дамыту Қытай компаниясы" ЖШС, "NFC Kazakhstan" ЖШС), шетелдік жұмыс күшін тарту заңдылығы және еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер жүргізілді.

- Шетелдік жұмыс күшін тартатын облыс кәсіпорындарында жалақы теңсіздігі, еңбек жағдайлары мәселелері әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында қаралды (2019 жылғы 31 шілдеде және 23 қазанда), - деп хабарлайды басқармадағылар. - Қала және аудан әкімдеріне, отырыстың қорытындысы бойынша, әкімдік, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар әкімшілігі және кәсіподақ арасында қауіпсіз және қолайлы еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумдар жасау тапсырылды. Қазіргі таңда 58 Меморандум жасалынды.

Қала және аудан әкімдері ұлтаралық кикілжің жағдайларын болдырмау мақсатында жұмыс берушілермен және жергілікті тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша 207 бұзушылық, оның 76-ы еңбек, 126-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 5-і шетел жұмыс күшін тарту бойынша анықталды.

- 3 850 125 теңгеге (1525 АЕК) 22 әкімшілік іс және ескерту түріндегі 16 әкімшілік іс қозғалды, 5 рұқсат шақыртылды. Барлық заң бұзушылықтар толық көлемде орындалды, - деп атап өтті басқармадағылар.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берілген қолданыстағы 999 рұқсат бар, оның ішінде 1 санат бойынша - 7, 2 санат бойынша – 71, 3 санат бойынша - 165, 4 санат бойынша - 32, 5 санат бойынша – 527 және 198 корпоративішілік ауыстыру бойынша рұқсаттар. Өңірімізде жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарының саны - 999, оның ішінде Өзбекстан азаматы - 422, Қытай азаматы - 223, Түрік азаматтары- 119 және Тәжік азаматтары – 100 адам.

Следующая →