Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Міндетті медициналық сақтандыру келесі жылы күшіне енеді

2020 жылдан бастап әрбір сақтандырылған адамға 92200 теңге жұмсалмақ

Өскеменде халықты ММС-ға енгізу дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE. 

- Бүгінгі таңда 139 мың адам немесе 74,4 % өзектілігі артты, - дейді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев. - Олардың 70216-ы жұмыс берушілерден зейнетақы жарналарын аудара бастаған жалдамалы қызметкерлер. 24030 отбасындағы, жүкті немесе үш жасқа дейінгі бала күтіміне қарайтын әйелдер. 1957 адам жұмыссыз мәртебесіне ие болған, 634 кәсіпкер мемлекеттік кіріс департаментіне есепке тұрды. 41859 адам өз мәртебесін нақтылады (оралмандар, әскери қызметшілер, оқушылар, студенттер және т.б.).

Қазіргі уақытта шығысқазақстандықтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабар алуы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік сауалнама мәлметтеріне сүйенсек, қазір бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 6%-ға өскен.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесінің жаңа моделі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі. Барлық жұмыс істейтін азаматтар, жеке кәсіппен айналысатын адамдар, сондай-ақ жарналарды мемлекет жасайтын 15 санаттағы жеңілдіктерге қатысушылар қамтылады.

- ММС еңгізілуіне байланысты медициналық көмек шығындары әрбір сақтандырылған адамға 92200 теңгені құрайды, - деп атап өтті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Жүйеге қатысу үшін өз мәртебесін порталда нақтылауға, сондай-ақ egov.kz тексеруге болады. ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, жұмыссыздарға ХҚКО-да және Жұмыспен қамту орталығында немесе Әкімдікте есепте тұруы қажет. Экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтіндерге ЖК ретінде тіркелу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді бастау қажет. Сондай-ақ емханаға тіркелу керек және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі ақша аудару керек. ММС жүйесінің барлық қатысушылары медициналық көмектің толық көлемін ала алады.

Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан бастап арнайы call - орталық іске қосылды. 1406 нөмері арқылы медициналық көмек, жарналар мен аударымдары бойынша кеңес алуға өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге және т.б. болады. Ал барлық сұрақтар бойынша 1414 біріңғай байланыс-орталығының тегін нөмеріне хабарлауға болады.


Следующая →