Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-дағы "Халифа Алтай" мешітінде "Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр" атты музей ашылды

Мұнда сонау сақ, ғұн, түркі дәуірілерінен, ислам тарихы мен қазақ халқының мәдениетінен сыр шертетін бірегей құнды жәдігерлер қойылған. Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен аз уақыттың ішінде ашылды

Мұражайда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі, Түркістандағы әйгілі Тайқазанның көшірмесі, қазақтың алты қанат киіз үйі қойылып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи кесенелерінің шағын макеттері орнатылды. Бұдан бөлек мұнда келушілер қасиетті Құран кітабының электронды замануи көшірмесін, тарихи құнды еңбектердің электронды нұсқаларын да тамашалай алады. Сондай-ақ мұнда ұлттық көне жәдігерлер мен ежелгі діни бұйымдарда қойылған. Тіпті мұражайда түркі дәуірінің тарихынан сыр шертетін "Оғызнама" секілді кейбір сирек кітаптардың түпнұсқалық көшірмесі де Ұлыбританияның Кембридж университетінен және Түркиядағы Сүлеймание мешітінің кітапханаларынан алынып қойылды.

– Бұл игі іс "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Мешіт тек діни құлшылық ететін орны ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүрді, тарихымызды насихаттайтын рухани орталыққа айналуы тиіс. Қазіргі заман талабы да осы. Ерте сақ, ғұн, түркі дәуірлерінен бастап, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына дейінгі тарихты тізбектейтін осынау бірегей мұражайда құнды жәдігерлер мен олардың түпнұсқасынан алынған көшірмелері ерекше көз тартады. Алдағы уақытта мұнда Шығыс Қазақстанның бірегей байлығы саналатын Елеке сазынан табылған Алтын адамға, Қоңыр әулиеге, Ырғызбай әулиеге, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және Мұзтауға арналған жеке стендтер ашылса мұражай тіптен әрлене түсер еді. Бұдан бөлек кіреберіс залдың бір қабырғасына түгелдей дерлік Қазақстанның даму тарихын суреттейтін панорамалық сурет салу керек, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Алдағы уақытта аталмыш музейдің тыныс-тіршілігінен хабар беретін сайт іске қосылып, онда музейге 3D тур жасау мүмкіндігі ашылады.

Следующая →