Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да Медиация күнін атап өтті

Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы біріңғай республикалық Медиация күніне арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді

Оған, Шығыс Қазақстан облысының медиаторлары, аймақтық соттар мен прокуратура өкілдері қатысты. Отырыста дау-дамайларды сотқа дейінгі тиімді шешу жолы, медиация процесін халық арасында түсіндіру жұмыстарының нәтижесі талқыланды. Сауалнамалар шығысқазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту үдерісіне, медиацияның әсері қандай екенін білу үшін жүргізілді.

- Статистика ШҚО-дағы медиация институтының өміршеңдігін растайды, ол прогрессивті және мүдделі тұлғаларды қамтып отырғандығын дәлелдейді, бүгінгі күні бізде проблемалар бар, бірақ кәсіби медиаторлар палаталарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлескен күш-жігермен біз жақсы нәтижеге қол жеткіземіз, - деді Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің инспекторы Нұртай Құрмашев.

Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Рамил Юнусовтың айтуынша, облыс аумағындағы он төрт Достық үйінде медиация кабинеті жұмыс істейді.

- Жақында бізді Ұлан ауданының медиаторлары өз іс-шараларына шақырды. Олардың аудан әкімдігімен жұмыс байланысы жақсы жолға қойылғаны өте қуантады және ауданның барлық кеніттерінде медиаторлар арасында сайыстар ұйымдастырылады, - деді Равиль Юнусов.

2019 жылдан бастап Достық үйіндегі виртуалды медиация кабинетіне 31 өтініш келіп түсіп, оның 29-ы іске асты. Достық үйінде мектеп оқушылары мен студенттер, қала тұрғындары үшін медиация бойынша семинарлар тұрақты өткізіліп тұрады. Биыл осындай 22 семинар облыс мектептерінде өткізілді.

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстандағы медиация процесі кеңінен дамыды. Облыста осы бағытта нақты жоспарлар жүргізіліп, тұрғындар сотқа бармай-ақ медиаторларға дау-жаңжалдарын шешуге жүгінеді. Сіз медиация жөніндегі кез келген ақпаратты мына номер арқылы біле аласыз. 8(7232)74-22-08.

Следующая →