Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

#Birge #TazaQazaqstan челленджіне қатысқан шығысқазақстандықтар 800 тоннадан астам қоқысты жинады

Бүгін, шілде айының 27 күні сағат 10.00-де Шығыс Қазақстандағы 19 қала мен ауданда бір мезетте #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акция бастау алды

Оған аймақтағы 33 мыңнан астам тұрғын жиналып, демалыс орындарының аумағын қоқыстан тазартуға қатысты. Сөйтіп, бірнеше сағаттың ішінде 800 тоннадан немесе 3206 текше метрден астам қоқыс жиналып, аралдар мен саябақтар, өзен жағалаулары, қазаншұңқырлар (котлован), сондай-ақ Полковничий мен Комсомол аралдары, Үлбі жағалауы қалпына келтірілді.
- Біз бұл акцияға қатысқанымызға қуаныштымыз. Шығыс Қазақстан әрдайым әсем табиғатымен көз тартады. Сол себептен біз өңіріміздің одан сайын құлпырып, гүлденуіне үлес қосуымыз керек. Біз маңайды жинап жүрген кезде экологиямызға зиян келтіретін пластик ыдыстарды көптеп жинадық. Сондықтан бәріміз табиғатты аялап, әркім өз соңынан қоқысты жинап жүрсе екен деген тілегіміз бар, - дейді   Өскемен қаласының тұрғыны Малика Елюбаева.
Акцияға қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев алғысын білдірді.
- Қоршаған ортаны қорғауды әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Бұл біздің келер ұрпақ алдындағы парызымыз. Аталмыш акцияны дәстүрге айналдыру үшін біз жастарға үлгі көрсетуіміз керек, - деді ол.
Следующая →