Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
447.15
+1.01
485.74
+0.87
¥
61.83
+0.15
4.8
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстан Арыстағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Шығыс Арыс қаласына қандай көмек көрсетті және алдағы уақытта облыс тарапынан қандай көмектер берілмек? Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді

Облыстық ірі кәсіпорындар және тұрғындарының қолдауымен Арысты қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін қазіргі таңда 166 млн теңге жиналды. Гуманитарлық көмекті Nur Otan партиясының филиалдары жинап жатыр. Енді облыс орталығынан 200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтілуге дайын тұр. Онда 5 мыңнан аса қажетті тауар атаулары кіреді.

Сондай-ақ, 2 шілде күні аймақ басшысы бастаған облыс делегациясы Арысқа ат басын тіреп, 8-інші сектордағы нысандардың жағдайымен танысты. Айта кету керек, қала 17 секторға бөлініп, олардың әрқайсына нақты облыс бекітілді. Өз кезегінде шығыс аз уақыт ішінде жарылыс кезінде зардап шеккен 541 баспананы қалпына келтіруге мүдделі. Олардың 522-і жер үйлер. Бұдан бөлек, балабақша, колледж, мешіт, оқу орталығы мен 15 коммерциялық нысан бар.

- Қазіргі таңда шығынды бағалау және ауқымын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, өңірдің 25 құрылыс компаниясы іске кірісуге дайын екендіктерін жеткізді. Оқиға орнын өз көзіммен барып көрдім. Жағдай "анау" айтқандай емес. Алдағы таңда үй төбесі мен терезелерді жөндейтін 200-ге жуық қосымша маман жолға шығады. Жұмыс барысын он күнде өзім бір барып, тексеріп тұрамын, - деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, Шығыс Арыстың 300 баласын өз лагерьлеріне қабылдайды.

Следующая →