Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Арыс қаласында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

Бес күн ішінде Арыс қаласының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау жалғастырылды. ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандарынан азық-түлік, гигиена құралдары, киім-кешек және аяқ киім келіп түсті

"NurOtan" партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтың айтуынша, Арыста зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен штаб құрылды. 26 маусымнан бастап штаб өңір кәсіпорындарынан, шаруа қожалықтарының басшылары мен кәсіпкерлерден гуманитарлық көмек ала бастады.

- Негізінен біз тез бұзылмайтын азық-түлік, ұн, жарма, қант, тұз, макарон өнімдері, күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер жинадық. Барлығы 180 тонна азық-түлік алынды. Бұдан басқа, гуманитарлық көмек тізіміне гигиена құралдары, сабын жуғыш заттар, киім, аяқ киім, матрацтар, төсек жабдықтары кірді. Облыстың қалалары мен аудандарының ешқайсысы шет қалған жоқ, - дейді Әнуарбек Мұхтарханов.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан құрылысшылары Арыс тұрғындарының 500-ге жуық үйін жөндейді.

- Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. 17 аймақ бір ай ішінде оларға бекітілген учаскелерді жөндеуге тиіс. Аймақ басшысы Даниал Ахметов бір апта бұрын құрылыс басқармасына нысандарды аралауды тапсырды. Қазір біздің мамандар жөндеу жұмыстарын аяқтауда, - деп қорытындылады Әнуарбек Мұхтарханов.

Следующая →