Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО ауылдары жас дәрігерлерге зәру

Ауылда еңбек етудің де оңды жақтары көп

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы ауылға кеп, он жыл дәрігер боп жұмыс істеген Елдос Смаилов ауылда еңбек етудің артықшылықтары не екендігін айтты. Ол Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығын тәмамдаған соң, Глубокое аудандық ауруханасына жұмысқа тұрған.

Айтуынша, ауылға дәрігер болуға саналы түрде барған. Алғаш "Дипломмен ауылға" бағдарламасы іске қосылған кезде, ауылда мамандар жетпей жатқанын естіп, сонда еңбек етуге талпынған. Патриоттық сезімі де ауылға жетелеп, ауыл медицинасын дамытуға деген ынтасы пайда болған. 2007 жылы ауылға жұмыс орналасып, содан бері талмай еңбек етіп келеді.

Көп кәсіби тәжірибе жинаған әрі ауылда тұрудың қаншалықты пайдалы екендігін де сезінген. Біріншіден, ауылға жұмысқа орналасқан дәрігер тәжірибені тез жинайды, өйткені медицинаның түрлі саласында жұмыс істеп, бәрін көруге болады. Ал ондай тәжірибені қалалық аурухананың бір бөлімінде отырып қана жинай мүмкін емес.

Екіншіден, науқас жандардың, ауыл адамдардың дәрігерге деген ізгі ниеті, ынта ықыласы жұмыс жасауға ерекше күш береді. Өйткені араласа келе, жөн сұраса келе, бір ауылдағы адамдар бір-біріне туыс, таныс, жақын адам болып кетеді. Оларға енді науқас деп қана емес, танысың, ауылдасың ретінде қарайсың. Ауыл адамдары да дәрігерді ерекше сыйлап, құрмет көрсететін болады. Кейде науқастардың өзі дәрігерге ризашылығын айтып, дәмді-тәттісін алып келетін кездері көп болатын көрінеді.

- Ауылда жүріп, халыққа қалай еңбегің сіңіп жатқанын көресің. Бәрі жылы сөздерін айтып, алғысын білдіріп, қолдау танытып жүреді. Шынайы адами қарым-қатынас орнайды. Сол жағынан ауылдың өміріне жетер ештеңе жоқ, - дейді Елдос Ершатұлы.

Үшіншіден, мемлекет тарапынан қамқорлық бар. Ауылға кеткен маманға үкімет тарапынан жеңілдіктер мен көмектер беріледі. Баспана мен метериалдық қолдау беріледі. Одан бөлек, ауылда жұмыс істейтін дәрігерлердің еңбекақысы қаланікінен жоғары көрінеді.

Следующая →