Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да көпбалалы аналардың балаларына тегін мектеп формалары беріледі

Одан бөлек, мектепке қажет оқу құралдары да тегін берілетін болады

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыдан шыққан 33 мыңнан аса бала мектепке оқиды. Оның ішінде 10 мыңнан астамы – аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар.

Ал жаңа оқу жылына дейін бұл балалардың барлығына тегін мектеп формасы мен канцелярия заттары беріледі. Оның ішінде қысқы киімдері мен аяқ киімдері де бар. Одан бөлек, мұндай балаларға мектепте ыстық тамақ беру жағы да ұйымдастырылмақ.

Ал мектеп формаларын тігу мен сатып алуға 626 млн теңге жұмсалады.

- Ұл балаларға пиджак пен шалбар, желетке мен шалбар, жемпір мен шалбар беріледі. Яғни, мектеп формасының үш түрі бар. Жейде мен галстук бәріне ортақ, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

Ал қыз балаларға пиджак пен белдемше, пиджак пен шалбар, сарафан мен жилет тігілуде.

Киімдерді бес фирма тігетін болады. Оның екеуі Өскеменде болса, үшеуі – Семейде.


Следующая →