Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

"Император" СК балалар үшін мамандықтар жәрмеңкесін өткізді

Балалар өздерін өрт сөндіруші, тілші және балерина ретінде сынап көрді

1 маусым – Халықаралық балалар күні сауда кешенінің алды балаларға толды. Ертегі кейіпкердері оларды әлемдегі түрлі, қызықты мамандықтармен таныстырды.

- Оқу жылы аяқталды. Үлкен сыныптарда оқитын кей балалар өздерінің болашақ мамандықтарын таңдап, жоғары оқу орнына тапсыруға дайындалып жатыр. Ал кіші сыныпта оқитындар әлі де өздерінің болашақта кім болатындарын анықтай алмады. Сол себепті балаларға мамандық таңдауға көмектесу керек, - дейді "Император" СК PR-менеджері Анастасия Рутковская.

1 маусым күні сауда кешені алдында балалар үшін шат-шадымен мереке ұйымдастырылды. Кішкентай тұрғындарға көңілді бағдарлама ұсынылды: балалар шығармашылық топтарының мерекелік концерті, ғылыми шоу, аспаздық шеберлік сыныптары, квест, байқаулар мен өзге де қызықтар. Түрлі ертегі. Мультфильм кейіпкерлері балаларға аспаз, физика, химия мамандары, сәнгер, шаштараз, өрт сөндіруші, полицей, спортшы, тілші, сәндеуші-дизайнер және балерина мамандықтарымен таныстырды. Ал осы әр аталған сала мамандары келіп, өз мамандықтарының қыр-сырымен, қызығы мен қиыншылықтары жайлы толық ақпарат берді. Мамандар балаларға тапсырма бере отырып, әр саламен таныстырды. Мәселен, балалар өрт сөндіріп, балериналар сынды түрлі дене жаттығуларын жасап, тілші ретінде сұхбат жүргізіп, тіпті, семсерлесіп те көрді. Осы сынды қызықты байқауларға қатысқан оқушыларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.

- Бүгін біз тек балалардың көңілінен шыққан кейбір мамандықтар туралы ғана айттық, - дейді Анастасия Рутковская. - Балалар арасында саланама жүргізіп, акциямыздың өз мақсатын орындағанына көзіміз жетті. Мәселен, бес жасар Валя енді шаштараз болғысы келеді әрі өз құрбыларының шаштарын әдемілеп өріп беруді үйренді. Ал Данил болса, құтқарушы болып, адамдарды тілсіз жаудан құтқаруды қалайды. Славаның "Көшбасшылар клубындағы" балалардың жұмысына қызығушылығы оянып, әртіс болғысы келеді.

Одан өзге, "Император" СК көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін "Бір күнге сиқыршыға бол!" қайырымдылық акциясын өткізді. Сауда кешенінің 1-қабатына " армандар ағашы" қойылып, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары өз арман-тілектерін жазып, сол ағашқа ілді. Ал сол тілектерді орындауға дүкен келушілері мен "Поляна" кешені, "Аюда" демалыс базасы, "Маме на радость" дүкені, "Көшбасшылар клубы" мен Garage, ZERE travel туристік агенттігі, Cambridge school және KIMEX мультибрендті киімдер мен аяқ киімдер дүкені сынды акция демеушілері атсалысты. Балалар өздері қалаған сыйлықтарына қол жеткізді: екі велосипед, самокат, әскери жабдық, конструктор, Cambridge school-ға бір жылдық абонемент, боксқа арналған жиынтық, дамытуға арналған ойыншықтар. UPGRADE сән салонының мамандары мереке күні келген көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған отбасылардың әр баланың шашын сәндеп, қиып берді.





Следующая →