Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да аймақтың дамуына көп үлес қосқан компанияларың аты аталды

Облыс әкімдігі аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымына үлес қосатын ірі кәсіпорын өкілдерін атап көрсетті

Бұлардың арасында "Қазмырыш" кәсіпорнының білім беру, денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі жоғары бағаланды. 2018 жылы металургтер компаниясы әлеуметтік салаға 11 млрд теңге қаржы жұмсаған екен.

- Аймақ азаматтарын жұмыспен қамтушы ең үлкен кәсіпорын ретінде еңбек ортасын қауіпсіз етумен қатар жұмыскерлері мен қызметкерлерінің де қандай медициналық қызметке жүгінетіндігіне мән беріп жауапкершілік танытады. Облыс әкімдігімен көп жыл серіктес болудың арқасында әлеуметтік салаға көмек көрсетудің арнайы тетігі қалыптасып үлгерген, - дейді "Қазмырыштың" әлеуметтік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Компания былтыр Өскемен қаласында Гематологиялық орталықты салу мен Назарбаев зияткерлік мектебін жабдықтауға 2 млрд теңге инвестиция құйған болатын.

- "Қазмырыштың" қатысуымен былтыр Өскеменнің қалалық ауруханасында Роботтандырылған хиркургия орталығы ашылған еді. Бұл әлеуметтік маңызы бар үлкен жоба, - дейді ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы басшысы Ержан Шурманов.

Өндіріс компаниясы денсаулық сақтау саласымен бірге білім беру мекемелерін дамытуға да көңіл бөледі.

Следующая →