Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Бақыттың дерсс-коды бар ма?

Өскемен қаласындағы Grazie салонымен бірге заманауи кейіпке ен

Нәзік жандылар дүкен аралап, шопинг жасаудан бақытқа бөленері белгілі. Алайда күнделікті күйбең тірлікте қолымыз тимей жататыны тағы бар. Осы орайда айта кетейік, биыл Өскемен қаласының орталығында Grazie деп аталатын еуропалық киімдер салоны ашылған болатын. Өзіңіз үшін бос уақыт табылып жатса, міндетті түрде аталған салонға бас сұғуға кеңес береміз.

Грация.jpg

Сиқырлы аксессуарлар

Салонның негізгі ауқымын киім мен аяқ киім құрайтынына қарамастан, сөмкелері де көзге ерекше түседі. Ер адамдар сөмкелердің неліктен әйел өмірінде ерекше орын алатындығын әлі күнге дейін түсінбейді. Олар үшін сөмке мен портфельдер құжат, қағаз және әмиян сақтауға арналған функционалды орын болып табылады. Бірақ біз үшін бұл - жеке қасиеттерімізді және көңіл-күйімізді білдіретін, бір бейнеден таңдай қаққызар екінші бейнеге дереу айналуға мүмкіндік беретін құрал.

Ал салондағы барлық сөмкелер топтамасы ерекше. Мысалы, итальяндық бренд PAOLA ZAMBONI табиғи былғарыдан жасалған модельдерді ұсынып, өзіңіздің даралығыңыз бен талғампаздығыңызды айшықтайды. Оны қолыңызбен ұстап көрудің өзі шынайы қуаныш. Ал Marco Tozzi неміс бренді сөмкелерге былғары, күдері (замша), нубук материалын ғана емес, сондай-ақ еркін тоқыма бұйымдарын да пайдаланады. Мұнда әр күн үшін ұстап жүруге ыңғайлы модельдер және ерекше сәттерге арналған сәнді сөмкелер бар.

Грация-аксессуар.jpg

Бұл әйгілі өндіруші сөмкені аяқ киімге сәйкестендіріп алу ережесіне сүйенеді. Сонымен бірге салон сөрелерінде PAOLA ZAMBONI-дің аяқ киімдері тамаша әрі сәнді сөмкелерімен бірге ұсынылады. Ал ерекшеленуден қорықпайтын сәнқойларды Lea Alexander-дің сөмкелері баурап алады. Сөмкелер табиғи былғарыдан жасалмаса да, өте сапалы әрі сәнді фасондарымен ерекшеленеді. Ең қызығы алдыңғы топтаманың үлгілерін жеңілдікпен сатып алуға болады. Белбеу, шарф, қолғап, қалпақ, кепеш және берет сияқты басқа да аксессуарлар образ қалыптастыруға көмектеседі.

Грация аксессуар.jpg

Аяқ киім алаңы

- Мұнда өте қызықты аяқ киім түрлері бар, - дейді салон басшысы Михаил Полупанов. - Мысалы, итальяндық Loretto брендінің үлгілері өте ерекше, қанық түсімен және стильді дизайнымен таң қалдырады. Бұл аяқ киімдерді мерекелік күндерде киюге болады.

Грация-обувь.jpg

Жайлылықты жаны сүйетіндер бұрыннан Rieker брендінің аяқ киімін қуана алады. Бұл неміс бренді табиғи материалдар мен орташа баға диапазонының арқасында Германиядағы ең танымал әрі ең ыңғайлы аяқ киім өндірушісіне айналды. Стресске қарсы, ортопедиялық табаны өте тұрақты және ыңғайлы. Жерде мақсатқа қарай сенімді түрде нық қадам басу - Rieker-дің ерекшелігі.

Грация обувь.jpg

- Alberola үйде киюге арналған испан аяқ киімдері де салоннан ойып тұрып орын алады, - деп жалғастырды сөзін сарапшы. - Бұл аяқ киімдерді кигенде адамның аяғы шынымен-ақ дем алатындықтан үнемі сұранысқа ие. Адамдар отбасымен өткізетін уақытты, оның ішінде үй киімдері мен аяқ киімдерді жақсылап таңдап, бағалай бастады. Бізде Alberola-ның ерлермен қатар әйелдерге де арналған топтамасы бар. Сондықтан бренд бүкіл отбасына жайлылық бере алады.

Домашняя обувь.jpg

Жылулық береді


Grazie сырт киімдері біздің қатал қысқа бейімделіп өндірілгендігімен ерекшеленеді. Тіпті, жұқа модельдің өзі қыстың қытымыр аязында адамдардың тоңып қалуына жол бермейді. Себебі барлығы тек жоғары технологиямен өндірілген.

Верхняя одежда.jpg

- Мәселен, THOMAS GRAF брендінің спорттық күртешесі металданған ерекше төсеуден тігілген. Оның температураны ұстап тұратын жұқа алюминий жіптері бар, - дейді Михаил. - Айтпақшы, салонда бұл брендтің тауарлары көптеп ұсынылады. Әсіресе ұзын күртешелер мен классикалық пальтолар бар. Альпакадан (тау қойы) жасалған толтырғыштар, соңғы үлгідегі холлофайбер немесе синсулейта жылуды сақтап тұрады. Ал сыртындағы мата жел немесе ылғалдың енуіне жол бермейді.

THOMAS GRAF.jpg

Сонымен қатар, топтамада заманауи сәнді киім-кешек және жастардың сүйіктісіне айналған итальяндық MATTINI сияқты өзге де брендтердің тауарлары бар. Ал Devosso брендінің сәнді сегментіне айналған түйе және қоянның жүнінен жасалған ішкі төсеулері бар ерлер пальтосының күзен жағалары өз иелерінің мәртебесін айқындап береді және қозғалысты шектеместен керемет жылулық пен еркіндік сезімін береді.

Верхняя-одежда.jpg

- Барлық брендтегі сырт киім желісінің әйелдерге арналған топтамасы да бар, - дейді Михаил Полупанов. - Олар барлық сән үрдістерін қолданады. Мысалы, сыртқы киімдерді нәзік етіп көрсететін қауырсындары бар. Ал пальтолар кез келген дененің пішініне сәйкес келе береді. Жасанды қаракөлден жасалған желетке кез келген гардеробты әрлеп жібереді. Сәнді түстер, маталар және сапа – барлық топтамада бар.

Кербез әрі әдемі болып көріну үшін ешқандай байлықтың, жас ерекшелігінің, ұлттық артықшылықтың, тіпті, шаш түсінің де әсері жоқ. Кей елдерде, тіпті, кербездік пен әсемдік бойынша шеберлік сыныптары да өткізіледі. Кез келген ару мен жігіттің жасарып, жаңара түсуіне мүмкіндік мол. Тек көңіл қаласа болғаны.

Модная куртка.jpg

Следующая →