Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Елена Гунько
Ақпарат көзі:
Устинка

«Эйр Астана» мемлекеттік тілді құрметтемеушілік туралы айыпты жоққа шығарды

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушы Огуз Доганның өзіне ескерту актісі жіберілгені туралы бейнесіне қатысты ішкі тергеу жұмыстарын жүргізді

2017 жылдың 14 тамызында KC 954 рейсінің жолаушысы қауіпсіздік талаптарын орындаудан бас тартты – ұшақтың қонуы барысында ашпалы үстелін бекітуден бас тартты. Аталған талап дауыс күшейткіш арқылы үш тілде барлық жолаушыларға хабарланды. Кейін жолсеріктер қонуға дайындала бастады.

Жолаушыға үстелшені алып тастау туралы өтінішпен бірнеше жолсерік келген. Өтінішті әртүрлі жолсеріктер үш тілде айтқан. Жолаушыға бірнеше рет қайтара және мемлекеттік тілде де үстелшені алып тастау туралы өтініш айтылды. Аға жолсерік үстелшені өзі жаппақ болғанда, Огуз Доган сыра бөтелкесін қою үшін оны қайтадан ашты. Бейнеге түсіп қалған жолсерік-супервайзер Екатерина ескерту актісін беру үшін жолаушыға жақындаған. Бейнедегі дәл осы сәтті жолаушы Огуз Доган ғаламторға салып жіберген. Түсірілім барысында ұшақ айлаққа қонуға жақындап қалған, ал жолсеріктер белдіктерін тағып өз орындарына баруға тиісті еді.

Следующая →