Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

22 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Грецияда билікке қарсы шыққандарға көз жасаурататын газ қолданылды



Македония атауын өзгерту туралы референдум жариялана салысымен, грек қаласы Салониканың ортасында анархистер дүрбелең ұйымдастырды, деп хабарлайды Росбалт сайты. Қарсылыққа 50 мың адам қатысып, «Македония – гректік» деген ұран айтылған митингіге жауап болды. Олар югослав республикасы атауының өзгеруіне қарсы.

Анархистер ұлтшылдарға қарсы шығатындарын айтып, полиция қоршауында ұлттық киіммен билеп жүрген адамдар тобына өтіп кетпек болған.

Бүлікшілдерді қуу үшін полиция көз жасаурататын газ қолданса, анархистер тас лақтыра бастаған.

Македонияда ел атауын өзгерту туралы референдум өтеді. Премьер-министр мұның көмегімен Грециямен болған қайшылықты реттеп, НАТО құрамына кіруді көздеп отыр.


АҚШ мемлекеттік хатшысы терроршылардың Кабулдегі қонақ үйге шабуылын сынға алды


АҚШ Кабулдегі Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылды сынға ала отырып, қаза тапқандарды аза тұтты, деп хабарлайды РИА Новости.

- Құрама Штаттар кеше Кабулде Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылды қатаң сынға алады. Біз шабуыл барысында қаза тапқан ауғандықтарды да, өзге ел азаматтары үшін қайғы білдіреміз. Қаза тапқандардың отбасылары мен достарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тез жазылып кетуін тілейміз, - дейді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның баспасөз қызметкері жариялаған мәлімдемеде.

Тиллерсон болған оқиғаны тергеу мақсатында ауған билігімен қарым-қатынаста екенін айтып өтті.

- Кеше куәгер болған зорлық-зомбылықтың Ауғаныстанда да, өзге елде де орны болмауы керек, - дейді Тиллерсон.


Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері биткоин құнының құлайтынын болжады


CNBC арнасына берген сұхбатында Роберт Шиллер биткоиннің түбегейлі құлдырайтынын, ал оның өсімі «қызғалдақ безгегіне» ұқсайтынын айтты. Ғалымның пікірінше, қоғам биткоин құны бойынша ортақ пікір таппайынша, оның еш құны болмайды.

- Адамдар алтынды инвестиция деп қармамаса да, оның активтерінде құн бар, - дейді Шиллер. - Жағдай 1940 жылы Нидерланд елінде орын алған «қызғалдақ» мәселесін еске түсіреді. Біз қызғалдақ үшін әлі төлеп келеміз. Биткоин де құлдырап, оны барлығы ұмытады. Алайда бұған дейін ұзақ уақыт, тіпті 100 жыл кетуі ықтимал.

1636-1637 жылдары қызғалдақ баданасына байланысты Голландияда дүрлікпе болып, экономикалық дағдарыс орнаған. Желтоқсан айында биткоин курсы 20 мың долларға жетіп, криптовалюта капитализациясы 330 миллиардқа жеткен. Қаңтар айында биткоин 11 мың долларға дейін арзандап кетті.


«Алтын таңқурай» номинанттары белгілі болды


«Жылдың ең нашар картинасы» номинациясына «Эмоджи фильм», «На пятьдесят оттенков темнее", "Мумия", "Трансформеры: Последний рыцарь" және "Спасатели Малибу» фильмдері ілікті, деп хабарлайды LIFE сайты.

Том Круз, Джонни Депп және Марк Уолберг «Алтын таңқурай» номинанттары атанды. Бұл туралы ұйымдастырушылар «адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды элементтерді жоюға» арналған әзіл бейнеролигінде мәлімдеді.

Следующая →