Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғындарын өрттен жапа шеккендерге болысуға шақырады

Осылай деп құпия түрде редакциямызға хат қалдырған оқырман өрттен жапа шегіп, қыстыгүні үй-күйсіз қалған бір отбасына оқырмандардан көмек көрсетуін сұраған

1-ші қараша күні Өскемен қаласындағы Металлургтер көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Тілсіз жаудың кесірінен жоғары қабатта тұратын тағы бір отбасы зардап шеккен.

Түнгі үштер шамасында үйдің иесі Антонина біртүрлі күйіктің иісінен оянып, ішін желдету үшін балконды ашқан. 

- Ашқан бойда барлық тесіктерден көк түтін бүкіл бөлмеге кіре бастады. Мен шошып кеттім. Қай жерде өрт шығып жатыр екен деп жүгіріп төмен қабатқа түстім. Қарасам, көк түтін көршімнің үйінен шығып жатыр, - деп пәтер иесі ары қарай әңгімесін жалғастырды. - Көршімнің есігін тоқылдата бастадым, бірақ ешкім есікті ашпады. Мен өз пәтеріме жүгіріп келіп, үйдегілерді ояттым. Күртешемді алып алдым. Қызым болса киініп те үлгермеді, аяқ-киімсіз далаға жүгіріп шықты. Немеремді көрпеге орап көтеріп алдым. Қара түтіннен түк көрінбей кетті.

!Бұл өрт шыққан үйде бір әйел өзінің қызымен және де екі немересімен тұрады. Ұлдың жасы – 14-те, ал қыздың жасы сегізде" деп жазған құпия хат жолдаған оқырман. Оларға қолұшын созатын ешкім жоқ. Бұл отбасында ер адам тек 14 жастағы бозбала.

Антонина қазіргі таңда туыстарының үйінде тұрып жатқандарын айтты. Ал өз пәтерлерінде күйіктің иісі шығып тұр. 

- Біздің жағдайымызға бейжай қарамаған қамқор жандар қоңырау шалып жатыр. Әртүрлі көмектің түрлерін ұсынуда: ақшалай, заттай, біреулер үйдің ішіндегі жұмыстарға болысып жатыр. Жиһаздарды ауыстыру керек, төбедегі өрт шарпыған жерлерді жөндеу қажет. Жұмыс өте көп, - дейді Антонина. 

Бір ажалдан аман қалған жандарға қол ұшын береміз дегендер болса Антонинаның 8-771-175-19-16 телефон нөміріне хабарласуға болады.


Следующая →