Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлы Абайды қалай ұлықтаймыз

Өлең сөздің киесі мен иесі Абай Құнанбаевтай кемеңгердің 175 жылдық мерейтойы келер жылы тойланады. "Қыстың қамын жаз ойлайтын" қырағы жұрт бір жыл бұрын дайындықты бастап кетті

Әдебиетіміздің әлем алдындағы айбарына айналған ойшылдың тойын, ойдан-қырдан жиналып, жұрт болып әлемдік деңгейде өткізуді жоспарлауда. Осы мақсатта облыс әкімі Абай ауданында болып, Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын өткізуге арналған дайындық жұмыстары жөніндегі облыстық жұмыс комиссияның отырысын өткізді.

Той қарсаңында көпшілктің көкейінде жүрген түйткілді істердің біразының түйіні шешілмек. Ақын туған Сырт Қасқабұлақта жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл жердің осыған дейін мал аяғына тапталып, тарихи келбетін жоғалтып бара жатқандығын журналистер қауымы жарыса жазған болатын. Сонымен қатар, Құнанбай әулеті жатқан Ақшоқыдағы қорымда мұражай салынатыны айтылды. Торқалы той қарсаңында Абай ауданында да бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Киелі орындарға баратын жолдар жөндеуден өтіп, ретке келтірілмек. Бұл жұмыстардың барлығына да қазынадан қаржы бөлінген.

- Келер жылы тойланатын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты жоспар дайын. Жалпы мерейтой кезінде 330-дан астам түрлі мәдени-бұқаралық шаралар өтпек. Ол үшін қазынадан 880 миллион теңге қаржы бөлінеді, - дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, облыс әкімі тойды ат шаптарып, балуан күрестіріп, ет жеп қайтумен шектемей, мәдени әрі саяси әлеуеті жоғары әлемдік той қылып өткізу керектігін баса айтты. Бұл жоспарды іске асырушыларға шегелеп тапсырма берді. Келер жылы болатын ұлан-асыр тойға дейін Қарауылдың бірқатар көшелеріне асфальт төселіп, жарықтандырылатын болады. Облыс әкімі ол үшін 25 миллион теңге бөлуді тапсырды. Той қарсаңында өтетін мәдени іс-шараларға 400 миллион теңге бөлінетінін айтты. Абаттандыру жұмыстарына қарастырылған 480 миллион теңгенің үстіне тағы да қаржы қосылмақ.

- Қазіргі уақытта жалпы сомасы 27 миллион 587 мың теңге бөлінді. Биыл қараша айында барлық сол жердегі абаттандыру жұмыстарын бітіреміз деп жоспарлап отырмыз, - дейді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Ұлт зиялылары жиналған жиында ұсыныстарда айтылды. Ел ішінде өтетін дәстүрлі "Абай оқуларын" халықаралық деңгейде өткізу керектігін айтты. Ал абайтану ғылымының аясын кеңейте түсу үшін ғылыми конференция ұйымдастырып, оған тың деректер ұсына алатын ғалымдарды шақырып, көлемді етіп өткізу көзделген. Абай тойының мәртебесі жоғары болса, әлем алдында әдебиетіміздің мәртебесі биік болмақ.


Следующая →