Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да шағын несие беруге 4,5 млрд теңге қарастырылған

Несие қаражаты "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша оқудан өткендерге ғана беріледі

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жобаның операторы болып табылады. 2019 жылы облыс бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша 1400 адам тегін оқытылады, Устинка LIVE тілшісі.

Оқуға 1209 адам жіберілді, оның 608-і аяқтады, 508-і бизнес-жоспарларды сәтті қорғады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 95 млн теңге бөлінді.

- 210 адамды қамту жоспарланған қалалар мен моноқалаларда шағын несиелеу мен кепілдендіру үшін 2019 жылы бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп түсіндірді ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз хатшысы Жанар Асылханова. - 2019 жылдың төрт айында банктерге қарауға 1,5 миллиард теңгеге жуық 128 өтінім жіберілді, қаржыландыруға 42 жоба мақұлданды, оның ішінде 402,7 миллион теңгеге 35 жоба несиелендірілді.

Жұмыспен қамту орталықтарына кеңес алу үшін 576 адам өтініш білдірді,оның ішінде 36-көп балалы жанұя өкілдері. Жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге 443 адам несие ресімдемек, оның 27-сі көп балалы жанұядан.

Шағын кредит беру бағдарламасының қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, ҚР Үкіметі белгілеген жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар (жұмыс істемейтін, оқымайтын, жұмыспен қамтылмаған), жас және аз қамтылған көп балалы отбасылардың мүшелері, аз қамтылған еңбекке жарамды мүгедектер, өнімсіз жұмыспен қамтылғандар, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеуші кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және зейнеткерлік жасқа толмаған олардың мүшелері бола алады.

Следующая →