Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа Соградағыы зейнеткерлер өрттен кейін жарықсыз, жылусыз үйде тұрып жатыр

22 наурыз күні екіқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, қариялар баспанасыз қалды

Елдің барлығы Наурыз тойлап жатқанда Соградағы зейнеткерлердің үйінен өрт шықты. 23.30-да көршілер Шапашникер отбасының пәтерінен түтін шығып жатқанын байқаған. 10 минуттан кейін өрт сөндіру қызметіне қоңырау түскен. Құтқарушылар жеткенше тұрғындар қарияларды далаға алып шыққан.

- Өрт сөндірілгенше түтін көршілердің үйіне, шатырға жетіп үлгерген, - дейді көрші пәтер тұрғыны Мария. – Өрт екі сағат сөндірілді.

Келесі күні жергілікті қоғамдастық өкілдері жиналған. Алайда мерекелік демалыстарға байланысты комиссия тек 26 наурызға белгіленді.

79 жастағы Владислав Александрович пен 75 жастағы Екатерина Андреевна өз күштерімен ысқа толған пәтерлерін жөндей бастаған. Алайда қариялардың күші неге жетеді?

- Бір бөлмені ретке келтіріп, сонда тұрып жатыр. Тіпті, тамақ пісіретін жарық та жоқ, - дейді Мария. - Біз, көршілері, зардап шексек те қарттарға көмектесіп жатырмыз.

Зейнеткерлердің заттарымен бірге құжаттары да жанып кеткен. Түксіз қалған қариялардың барар жері де жоқ. Туғандары Ресейде тұратын көрінеді.

Шапошниктер отбасына қазір кез келген көмек маңызды: құрылыс материалдары, жылы киімдер, азық-түлік, тұрмыстық техника, пәтерді жөндеуге ақша.

Екатерина Андреевна және Владислав Александровичпен 52-99-21 нөмірі арқылы байланысуға немесе Менделеев көшесі, 2, 40-пәтерге келуге болады.

Ақшалай көмекті "Альфа-банктің" кртасына №5194080003893896 немесе +7 705 902 04 05 нөміріне лақтыруға болады.

Байланыс нөмірі (көршісі Мария): +7 777 995 87 99.

Следующая →