Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ауыл әкімі парамен ұсталды

Зырян ауданындағы Прибрежный ауылының әкімі тұрғынға 400 мың теңгеге жер учаскесін бөліп беремін деп уәде еткен

Жер учаскесін сатпақ болған әкім қолға түсті. Прибрежный — облыстағы көрікті өлкелердің бірі әрі Бұқтырма су қоймасына жақын орналасқан. Басқа елді мекендермен салыстырғанда, бұл жерде демалыс базалары жоқ, құрылыс жұмыстары да белсенді жүргізіліп жатқан жоқ. Осындай жайлы жерде үй салу – арман. Сондықтан да Зырянның тұрғындарының бірі осындай асқақ армандарының бірін жүзеге асыруға ниеттенеді. Тұрғын жер қатынастары бөліміне жер бөлу туралы өтініш білдіргенімен, бөлім өтінішті қанағаттандырмаған. Артынша ауыл әкімі азаматқа өз көмегін ұсынған, бірақ тегін емес. Елді мекен әкімі өз қызметіне 400 мың теңге сұраған. Азамат ол сомамен келісіп, 100 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Бірақ артынша жемқорлықпен күрес қызметіне хабарласқан. Жемқорлықпен күрес қызметінің мамандары әкімді қалған соманы алып жатқан сәтінде қолға түсірген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Следующая →