Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағандыда ер адам 7 жастағы қызды зорламақ болған

7 желтоқсанда сағат 10:30 шамасында 102 пультіне Қарағандыдағы үйлердің біріндегі подъезде белгісіз ер адамның 7 жасар қызға тиіскені туралы хабар келіп түсті

Оқиға орнына дереу аттанған полиция наряды жедел-іздестіру шарасы барысында 43 жастағы еркекті ұстады.

- Қарағанды қаласы ІІБ патруль полиция қызметкерлеріне, атап айтқанда Мырзабеков Дархан Сәрсенханұлы мен Арғын Ақниет Болатұлына жедел әрекет еткені үшін алғыс айтқымыз келеді. Сенбі, 7 желтоқсан күні белгісіз ер адам үйдің кіреберісінде 7 жасар қыз балаға тиісіп, сол туралы шағым айтып полицияға хабарластық. Жігіттер қоңырау шалған соң 2 минут ішінде келіп жетті. Содан кейін олар бала және оның ата-анасының біреуімен жақын маңды аралауға кірісті. Тәртіп сақшылары кәсіби және жедел әрекет етті. Осының арқасында бала ер адамды топ арасынан танып, анықтады. Тағы бірер минут кешіксе, қылмыскер ізін жасырып кетер еді. Қылмыс жасамақ болған ер адам қамауға алынды. Оның ниеті бұзық болғаны айдан анық,- дейді қала тұрғыны.

7 желтоқсан күні сағат 10:30 шамасында 102 телефонына қала тұрғынынан белгісіз ер адамның 7 жасар қызды зорламақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді, олар күдіктіні табу үшін жақын аудандарды тінте бастады. Жедел-іздестіру барысында патруль полицейлері 43 жастағы ер адамды ұстады.

Айта кету керек, бұл - оның алғашқы қылмысы емес. 2006 жылы ол осыған ұқсас 12 қылмыс жасағаны үшін 15 жылға сотталған. 2019 жылдың наурызында ол мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққан.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 24-120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат қамауға алынды.


Следующая →