Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

Биыл «Шабыт» халықаралық фестивалі жиырмасыншы рет өткізілгелі отыр.

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысуға 515 өтінім берілді. Астана атынан байқауға 100 адам қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің www.astana.gov.kz медиа орталығы.

«Астанада қарашаның 3-і мен 7-сі аралығында XX «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді. Фестиваль «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Үздік әдеби шығарма», «Актерлік шеберлік» аталымдары бойынша өткізіледі», - деді елордалық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Оның айтуынша, фестивальге қатысуға 515 адам өтінім берген. Жастар байқауында бас қаладан 100 үміткер қатысады. Қазақстандық қатысушылармен қатар Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения сияқты мемлекеттерден келген үміткерлер де бақ сынайтын болады.

«Қазылар алқасының құрамына Қазақстан, Украина, Якутия, Армения, Сербия, Литва, Германия, Австрия, Мексика, Ресей, Македония, АҚШ, Иордания, Италияның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері енді», - деді Мұхамбеталина.

Айта кетейік, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі биыл жиырмасыншы рет өткізіледі. Осыған дейін фестивальге өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан астам адам қатысқан. Әр жылдары қазақстандық сықақшы Тұрсынбек Қабатов, ақын Қалқаман Сарин, балет артисі Әйгерім Бекетаева, опера әншісі Айгүл Ниязова, «Меломен» тобы, Аша Матай, әнші әрі композитор Қайрат Баекенов және басқа да кеңінен танымал шығармашылық тұлғалар фестиваль Гран-приін иеленген болатын. 

Следующая →