Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жетісудан – Өр Алтайға

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастама көрсеткен өңіраралық экономикалық, әлеуметтік қатынасты нығайту үшін ОҚО әкімі бастаған делегация ыстық сәлемімен Шығыс Қазақстанға Алматы облысының концертін алып келді

Еліміздің іші, сыртында аянбай еңбек еткен айбынды батырлар мен ақындардың мекені, ұлылардың ұясы Жетісу жері береке-бірліктің ұйытқысы болып келген. Міне, өндірістік өрісі кең Алтайдың төріне саяси-әлеуметтік және экономикалық маңызы зор Жетісу өңірі атбасын тіреді.

Облыстық театрдың төрінде екі облыстың өкілдерімен бірге ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Амандық Баталов бас қосты.

«Жер жаннаты Жетісудан, алтын Алтайға» атты Алматы облысының концерттік бағдарламасы Шығыстың шуақ шашқан төрінде арнасынан асып, көңіл тасытып, Шәкәрім мен Абайдың дәстүрлі әндерінен шашу шашты.

Жоғары деңгейде орындалған «Ахау, Семей», «Ахау, Керім», «Гүлдерайым», «Сегіз аяқ» атты дәстүрлі әндер шығысқазақстандықтарды қол үзбей шапалақ соқтырды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанат және Айгүл Құдайбергеновтер де өскемендіктердің көңілін көкке көтеріп тастады.

- Алматы қаласынан келген делегация концерттік бағдарламасымен бірге Шығыс Қазақстан Өнер музейіне экспонаттарын, көрмелерін де ала келді, - дейді өлкетану мұражайының қызметкері Айтмұхамет Қасымов. - Ал бүгінгі концерттің өзіндік сарыны ерекше. Келген әртістердің арасында дүйім Қазақстан халқына танымал орындаушылардың барын көріп отырмыз. Оларды біздің көрермендердің қалай қарсы алып отырғанын ду-қол шапалақтарынан-ақ көруге болады.

Айта кету керек, концерттік бағдарламада тек қазақ әндері емес, орыс, итальян тілдеріндегі классикалық әндер орындалып, көпұлтты көрермендердің барлығын қамтыды.


Айдос Мырзахметов 

Следующая →