Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Джоли балаларымен бірге Питтен қашып кетті

Актриса балаларын ертіп Голливудтан Малибуға кетіп қалды

Американдық актриса Анджелина Джоли өз әріптесі және күйеуі Брэд Питтан балаларын алып кетіп қалды. Жұптың Голливудтағы жекежайынан актриса Малибудағы кішігірім үйге көшіп кетті, деп хабарлайды The Daily Mail.

Голливудтың ең жұлдызды жұбының бөлінуі туралы осы аптаның басында белгілі болды. Шыдамның шегі 14 қыркүйекте жұптың жеке ұшағында орын алған оқиға болды. Питт Джолимен ұрсысып, анасы үшін қарсыласқан 15 жасар Мэддоксқа ұрсып тастаған. Актриса күйеуінің балаларына қатал қарайтынын айтып, ажырасу туралы арыз жазған.

Актер жанұялық өмірі туралы өз ойларын айтып үлгерді. Ол өзінің некесін психиатриялық ауруханамен теңеді. Оның айтуынша үйінде атқан әрбір таң солай өтеді. Джоли да шетте қалмай, Питті4 алкоголь мен есерткіні мөлшерінен көп пайдаланатынын айыптады. Жұптың алты баласы бар, алтауы асыранды. Джоли соттан балаларын Питтпен кездестірмеуін сұрады, ал актер болса олардың тәрбиесіне араласауға құқығы барын айтады. Жұлдызды жұптың қолында жұмыс істеген бала бағушылар олардың балаларының мүлдем тәрбиесіз екенін және өз жасындағы балалармен үлкен проблемалары барын айтқан. Питт балаларына айқайлап, жазалауға тырысады, ал Джоли өзін жұмсақ ұстап балаларын тәртіпке салғысы келмейді. Актриса олардың тәрбиесіне мүлдем аз араласқан.

Әртістер «Мистер және миссис Смит» фмльмін түсіру барысында жұп рөлін ойнағанда танысқан. 2006 жылы ресми түрде б3рге тұрып, 8 жылдан кейін – 2014 жылдың 23 тамызында үйленген.

 
Следующая →