Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Елордада алғаш рет «Астана Дауысы» фестивалі өтеді

Астанада алғаш рет қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табыстау рәсімі өтеді. Бірінші Жыл сайынғы «Астана дауысы» халықаралық фестиваліне Еуропа мен Азияның 15 мемлекетінен үздік артистер қатысады

Астана қаласы әкімдігінің сайтында хабарланғандай, тұңғыш фестивальде Франция, Нидерланды, Швеция, Болгария, Румыния, Албания, Молдова, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Иран, Грузия және Қазақстандағы музыкалық хит-шерулердің абсолюттік көшбасшылары өнер көрсетеді.

Халық сүйіп тыңдайтын танымал әрі талантты, ғажайып энергия иелері мен миллиондаған табынушылары бар орындаушылар «Астана дауысы» фестивалінде бақтарын сынамақ. Қазақстанның елордасында сахна төрінде муызка индустриясына үрдіс беретін артистер – Григорий Лепс, Светлана Лобода, Бьянка, Вилли Уильямс, Ильяс Ялчинташ, Араш, DJ Sava, Ева Симонс және басқалары өз шеберлігін ортаға салады. Қазақстанның атынан фестивальге танымал әнші Қайрат Нұртас қатысады.

Концертте кеңінен танымал музыканың үздік композициялары орындалады. Айта кетейік, аталған артистер радиостанциялар мен музыкалық арналарда рейтингтерде топ жарып, iTunes және Shazam қосымшаларында көш бастап отыр.

Үлкен концерт 27 тамызда «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді. «Астана Дауысы» фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарына жанды дауыспен орындалған жылдың үздік композицияларын тыңдауға мүмкіндік береді, деп пайымдайды ұйымдастырушылар.

Следующая →